---
title: "«Жас кәсіпкерлердің кездесуі өтті»"
description: "18 наурызда жастар бастамаларын дамыту орталығында жас кәсіпкерлер клубының кезекті кездесуі өтті..."
author: "CRMI"
published: "2015-03-19T00:49:34+00:00"
modified: "2015-03-19T00:49:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-k-sipkerlerdi-kezdesui-tti-482997"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-k-sipkerlerdi-kezdesui-tti-482997/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жас кәсіпкерлердің кездесуі өтті»

> 18 наурызда жастар бастамаларын дамыту орталығында жас кәсіпкерлер клубының кезекті кездесуі өтті...

![«Жас кәсіпкерлердің кездесуі өтті»](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/LH8H22YKlE09114R2Ggr655dWZ744a.jpg)

18 наурызда жастар бастамаларын дамыту орталығында жас кәсіпкерлер клубының кезекті кездесуі өтті. Enactus РSU президенті Касымова Бақытгүл жас кәсіпкерлерге кеңес берді. Шара барысында іскерлік ойын ойнатылды. Іскерлік ойындар адамға бір мәселені әр түрлі қырдан көруге көмектеседі және оның шешімін табады. Осындай іскерлік ойындар арқылы адамдар көп ақпарат жинайды. Ал «Жастар бастамаларын дамыту орталығындағы» жас кәсіпкерлер клубының басты мақсаты: Өңірлік кәсіпкерлікті дамытып, жастарға бұл саланың қыр – сырын үйрету болып табылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-k-sipkerlerdi-kezdesui-tti-482997](https://yvision.kz/kk/post/zhas-k-sipkerlerdi-kezdesui-tti-482997)