---
title: "Жас көшбасшылар мектебі"
description: "Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөнінде басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы..."
author: "CRMI"
published: "2016-08-22T05:22:04+00:00"
modified: "2016-08-22T05:22:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-k-shbasshylar-mektebi-708148"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-k-shbasshylar-mektebi-708148/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жас көшбасшылар мектебі

> Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөнінде басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы...

Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөнінде басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 17-20 тамыз аралығында облыстық «Жас көшбасшылар мектебін» ұйымдастырды. 5 жыл қатарынан өткізіліп келетін бұл жоба жастар арасында танымал. Жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет» тақырыбы алынды. Аталған мектепке облыстың 60 белсенділері бас қосты. Жас көшбасшылар мектебі Щарбақты ауданы «Лесная сказка» сауықтыру лагерінде өтті. Бірінші күннен бастап лагер басқарма аталып, өзара әкім сайланды.

![Жас көшбасшылар мектебі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/6D6cY0giShttWU1CHwAhZTi5AHZ29L.jpg)

Қатысушылар 3 топқа бөлініп, әрбір топ бір басқарма болып аталды;

1- топ Ішкі саясат және идеология басқармасы;

2- топ Мәдениет және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру басқармасы;

3- топ Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

![Жас көшбасшылар мектебі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/JVghO7UglP3EWGKHHEc00Pb4nEMlcU.jpg)

Бұл жолғы аталған басқармалар әкімшіліктің бір құрлымдылық бөлігі болды. Ұйымдастырушылар белсенділерге арнайы қызықты бағдарлама дайындады. Тіпті бос уақыттарында түрлі ойындар өткізілді. Аталған үш басқармаларға арнайы тапсырмалар берілді. Мамандықтарына байланысты берілген тапсырманы орындап, сайыстар, байқаулар мен ойындарды қатысушылар өздері ұйымдастыра білді.

![Жас көшбасшылар мектебі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/pMCEPuRLL9xa8zjRrI1hpM9HEDmoxg.jpg)

Арнайы шақырылған бапкерлер әртүрлі форматта тренингтер өткізді. Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінен келген О.А. Бокова «Креативті көшбасшы» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізді. Павлодар облысының тілдер басқармасының маманы «Мемлекеттік қызметтегі Мемлекеттік тіл саясаты» тақырыбында пікір алаңын ұйымдастырды. Дін, терроризм және экстремизм, патриот болу тақырыптарында түрлі тренингтер өткізілді. Еңбек басқармасынан келген арнайы мамандар еңбек қатынастары жайлы сөз қозғады.

![Жас көшбасшылар мектебі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/vrGe5QiR4lZpP8vDdsFLq5n1nWt2SC.jpg)

![Жас көшбасшылар мектебі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/WqfkO3r9pukw7aVpjfr5OUh01N0YqI.jpg)

«Төрт күнге созылған көшбасшылар мектебі қызыққа толы болы болды. Бірінші күні жақын таныстық үшін квест ойыны ойнатылды. Мен жаңа достар ғана тауып қоймай, жаңа жобаларды бастауға ниеттімін. Біз тіпті әр жобаның концепция, сценарийіне дейін өзіміз жасадық. Әрбір қатысушы өзіңе керектісін алды. Осындай ауқымды жобаларды ұйымдастырып, бізді елеусіз қалдырмайтын Жастар бастамаларын дамыту орталығына алғысымды білдіремін». – дейді, «Алдаспан» ақындар клубының мүшесі Ермекпаева Әйгерім.

![Жас көшбасшылар мектебі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/q2tDjZcJlE2BVtEFmvSm0D21hsb6h4.jpg)

Жас көшбасшылар мектебінің қортындысы атқарылған жұмыстар бойынша сараптама жасалып, үздіктерді марапаттады.

І орын көк жиделі Ішкі саясат және идеология басқармасы.

ІІ орын қызыл жиде киген Мәдениет және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру басқармасы.

ІІІ орын сары жиделі Дене шынықтыру және спорт басқармасына бұйырды.

![Жас көшбасшылар мектебі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/DU3kV1ZOd62QEUC9trH3F6tFiDuIW7.jpg)

Қатысушылар қимастықпен тарап,келесі жылы кезекті Жас көшбасшылар мектебінде жиналатындарын жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-k-shbasshylar-mektebi-708148](https://yvision.kz/kk/post/zhas-k-shbasshylar-mektebi-708148)