---
title: "«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті"
description: "АРЕС Petrotechnic колледжінде Ғылым күні шеңберінде «Жас ғалым» жобасы жүзеге асырылуда. 11-сәуір..."
author: "Kasipkor"
published: "2014-04-15T04:19:02+00:00"
modified: "2014-06-04T00:09:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-alym-zhobasy-ayasynda-bay-au-tti-409747"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-alym-zhobasy-ayasynda-bay-au-tti-409747/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті

> АРЕС Petrotechnic колледжінде Ғылым күні шеңберінде «Жас ғалым» жобасы жүзеге асырылуда. 11-сәуір...

АРЕС Petrotechnic колледжінде Ғылым күні шеңберінде «Жас ғалым» жобасы жүзеге асырылуда. 11-сәуір күні АРЕС Petrotechnic колледжі студенттік ғылыми клубы ғылымға қызығушылығы бар жастарды өздерінің білімдері мен тәжірибесін зертхана алаңында байқап көруге шақырды.

Біздің осындай бастамамызға Атырау қалалық жастар ресурстық орталығы және «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігі қолдау танытқан болатын. Сонымен қатар, жобаға қызығушылық танытып, өздерінің ғылымға деген құштарлығын тәжірибеде көрсетуге дайын бірқатар колледждердің студенттері АРЕС Petrotechnic колледжі зерттханаларында эксперименттер байқауына қатысып, Ғылым күніне арналған слайдтар презентациясын көпшілік назарына ұсынды.

![«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/lyqHQ9TQ6fL61b4iaS4NiX2ckhofxE.jpg)

![«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/o4Psl8IeBYI8wP0s3T5BBJP7s9rODs.jpg)

![«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/bUV0AFnFN9YbdHAbJ8FPt3jr3HdmTy.jpg)

![«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/8jqNF59J2A6TaZ23eYaup28f31Sl8G.jpg)

Сайысқа қатысқандар қатарында төмендегі колледждерден командалар қатысты. Әр командада 4 студент, 1 жетекші қатысты.

Олар:

1. Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі

2. Атырау политехникалық колледжі

3. Атырау аграрлы-техникалық колледжі

4. Атырау энергетика және құрылыс колледжі

5. Атырау индустриалды колледжі

6. АРЕС Petrotechnic колледжі

![«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/a91b6XcR5Va9o175lfSSykk6qmG791.jpg)

![«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/IJSTDiz8DL2ZQ2D86oBnqfubqeJ7G3.jpg)

![«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/8I87NmobVbtGyYXpgAcSIwznr9o4x1.jpg)

Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды. Кіріспе бөлімінде әр команда өз оқу орнын, ондағы студенттердің ғылымға деген қызығушылығы мен қызметі туралы баяндады. Негізгі бөлім - Эксперимент алаңы деп аталды. Мұнда қатысушы командалар лабораторияларда дайындаған зерттеу-тәжірибелерін көрсетті.

![«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/vk7044nlMU0lFl6T8oR9bbB1KDLZYF.jpg)

Сайыстың қорытындысы бойынша:

1. Атырау политехникалық колледжі - Гран-при

2. Атырау аграрлы-техникалық колледжі – 1 орын

3. Атырау энергетика және құрылыс колледжі 2 - орын

4. Колледж АРЕС Petrotechnic – 2 орын

5. Атырау индустриалды колледжі - 3 орын

6. Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі - 3 орын иеленді.

![«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/r0X0u8QZSukGVCVwl7Uwj7C2pwk4cd.jpg)

«Тарлан-Атырау» ҚБ атынан барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ белсенді қатысушылар арнаы алғыс хаттармен марапатталды. «Жас ғалым» жобасының келесі кезеңі фотобайқау деп аталады. Осы байқауға қатысқан командалар өздерінің эксперимент алаңында түсірген фотосуреттерін ұйымдастыру алқасына ұсынады. Сәуір айының соңында фотобайқау жеңімпаздары қосымша анықталатын болады.

![«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/ngv2L7P56nfem6QeI74jh1Xq9f901N.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-alym-zhobasy-ayasynda-bay-au-tti-409747](https://yvision.kz/kk/post/zhas-alym-zhobasy-ayasynda-bay-au-tti-409747)