---
title: "Жарықдиодты шамдарды дайындау өндірісі."
description: "Жарықдиодты шамдарды дайындау өндірісі Бүгін біз қазіргі таңда нәтижелері қолданылып жүрген ғылыми ж..."
author: "MON_RK"
published: "2017-05-22T22:59:08+00:00"
modified: "2017-05-24T14:26:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhary-diodty-shamdardy-dayyndau-ndirisi-767543"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhary-diodty-shamdardy-dayyndau-ndirisi-767543/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жарықдиодты шамдарды дайындау өндірісі.

> Жарықдиодты шамдарды дайындау өндірісі Бүгін біз қазіргі таңда нәтижелері қолданылып жүрген ғылыми ж...

***Жарықдиодты шамдарды дайындау өндірісі***

Бүгін біз қазіргі таңда нәтижелері қолданылып жүрген ғылыми жобалар мен зерттеулер туралы материалдар топтамасын аша отырмыз. Еліміздің ғылыми әлеуетінің дамуы көбінесе оның нақты бір сектормен өзара қатынасына байланысты болмақ. 2016 жылы қабылданған Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы заң ғылыми зерттеулер нәтижелерін іс жүзінде қолдануды көтеруге бағытталған. “LedSystemMedia” ЖШС және жылыжайлар мен инновациялық нысандарға арналған екінші буынның жарықдиодты (филаментті) шамдарды дайындау туралы болмақ. Мекеме директоры Амангелді Таукенов осы жоба аясындағы жұмыстар және оның ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

С: Өз жобаңыз туралы айта отырсаңыз. А: Біз жасап шығаратын жарықдиодты шамдар ғылымды – «Энергияның тиімділігі және энергияны үнемдеу қоғамы» – дамытудың төрт бірдей басымдығына жауап береді (бұл бағыттар туралы толық ақпаратты Ғылым Қорының президенті Әнуарбек Сұлтанғазиннің сұхбатынан сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздар [https://yvision.kz/post/767539](https://yvision.kz/post/767539)). Соңғы үш жылда (2015 жылдан бері) біз әріптестерімізбен бірге қала жағдайында филаментті шамдарды пайдалану арқылы агрофотоникалық жылыжайды жасауды ойластырып келдік. Бүгінде әлемде қалаларды жергілікті фермерлік көкөністермен қамтамасыз ету үрдісі бар. Біз де шамдарымызды барлық кезеңдерде, яғни өнімді отырғызып, жинап алғанға дейін қосымша жарық ретінде қолдануды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда жылыжайларда жасанды жарықтың көзі ретінде 600-ден бастап 1000 Вт-қа дейінгі ескірген шамдарды қолданады. Біздің шамдарымыз 200 Вт жұмсайды, яғни жай шамдарға қарағанда 3-5 есе аз жұмсайды. Сырт қарағанда олар кәдімгі қыздыратын шамдарға ұқсайды және солар сияқты жарық береді. Айырмашылығы сол, оларда вольфрамды сымдардың орнына тізбектелген (жіп) жарықдиодтар қолданылады. Әлемде филаментті шамдарға ұқсас шамдар бар. Біздің өнімнің олардан айырмашылығы сол, оны дайындау барысында бірінші рет жарықдиодты жабынды үшін люминофорды өндіру барасында қолданылатын нанофосфорлық қоспа пайдаланылатын болады. Зерттеулерімізді негізге ала отырып, біздің шамдардың көмегімен қосымша жарық беру технологиясын қолдану жылыжайлардағы өнімдерді 30-40-ға арттыратынына сенім білдіреміз. Біз болашақта қызанақ пен салаттың неше түрін өсіруді жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстың нәтижесі «қалалық ауыл шаруашылығын» дамытуға көмегін тигізетіні анық.

С: Жарықдиодты шамдарды өндірудің пайдасы (экономикалық немесе басқа) қандай? А: Басты пайдасы – электр энергиясын үнемдеу және қала жағдайында көкөністер мен салаттарды өсіру үшін шамдарды қолдану мүмкіндігі. Елімізде ғылымды дамыту үшін Білім және ғылым министрлігі мен Ғылым қоры белгілеген төрт басымды тәртіпаралық зерттеулерге назар аударатын болсақ, біздің өнім барлық бағыттары бойынша талаптарға жауап бере алады деуге болады: 1. Энергияны үнемдейтін шамдарды пайдалану қоғамға энергияның тиімділігін арттыру және энергияны үнемдеу деңгейін көтеруге көмектеседі. 2. Жарықдиодты шамдары бар жылыжайлар экология үшін қауіпсіз, сондықтан оларды «жасыл» технологияға жатқызуға болады. 3. Жылыжайларда өсірілген экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдер денсаулығымызға және өміріміздің сапасына оң әсерін тигізеді.

С: Жобаны кім жасап жатыр? Сіздерде ғалымдар командасы бар ма, әлде зерттеулерді өздеріңіз жүргізесіздер ме? А: Жобаны ғалымдар тобы – республикалық команда және басқа мемлекеттерден әріптестеріміз жасап жатыр: 1. Доктор Дәрмен Әбілқайыр бастаған Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының (ҚазҰЖҒА) мамандары және Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жас ғалымдары. 2. Доктор Мунир Найфе бастаған NanoSi AdvancedTechnologies Inc компаниясының (Урбана-Шампейн қ. Иллинойс штаты Университеті, АҚШ) өкілдері. 3. Жарықтандыру саласындағы ғалым Юрий Трофимов бастамасымен Ғылым академиясының (Беларусь) Жарық техникасы және оптоэлектронды технологиялар Орталығының мамандары.

Біздің “LedSystemMedia” ЖШС ғылыммен 2011 жылдан бері айналысып келеді. «Парасат» Орталығымен бірлесе отырып Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті бағыты бойынша басқа жобаларға да жетекшілік жасаймыз. Жарық техникасы саласында бірнеше патенттеріміз бен зерттемелеріміз бар.

С: Зерттеулер қайда жүргізіледі? А: “LedSystemMedia” ЖШС-нің өндірістік алаңы жарықдиодты филаменттерді жасауға қажетті технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Жарықдиодты шамдарды сынақтан өткізетін, олардың сапалы сипаттамалары зерттеліп, салыстырылатын жеке фотометрикалық зертханамыз бар. Қазақстан және АҚШ-та нәтижелерін біздің компаниямызда өндіру жоспарланып отырған қосымша зерттеулер де жүргізілетін болады. 2017 жылдың күзіне қарай (шамамен қарашада) барлық технологиялық сынақтарымыз аяқталуға жақын. Сонда ғана нанофосфор құю арқылы филаментті желіні және филаментті шамдарды жаппай өндіре аламыз. Оған қоса жылыжай шаруашылығы құрылысын аяқтауды да жоспарлап отырмыз. Жылыжайды бітіргеннен кейін жасанды қосымша жарық беру бойынша технологиялық процесстер басталмақшы. Өсімдіктерге жарықдиодтық жарықтың әсер етуіне зерттеулерді жүргізу ыңғайлы болу үшін шаруашылықты өндірістік алаңның қасына орналастыруды жөн санадық. Жылыжай шаруашылығы дамыған сайын басқа өсімдіктер де өсе береді. Осылайша, 2017 жылдың соңына қарай бизнес-жоспарымыз бен шамдарымызды қолдану арқылы жылыжайларды салудың пайдаланылған әдістемесі болады. Сонымен қатар, ақшаны қалай дұрыс салу керек, өсірілген өнімнің өзіндік құны, одан түскен пайда қанша болады, жарықты қашан және қандай жиілікте қосу қажеттігі туралы және басқа да ақпаратты бере алатын боламыз.

С: Сіздер неліктен байқауға қатысып, Ғылым Қорынан қаржыландыру үшін күреспекші болдыңыздар? А: Жобамызды жүзеге асыру үшін 420 млн. теңге сомасындағы қаржы қажет. Байқау туралы білісімен-ақ өтінім дайындай бастадық. Біз ғылыми ұйым ретінде тіркелмегендіктен, ҚазҰЖҒА-ндағы серіктестерімізге өтінімді солар арқылы тіркеу үшін ұсыныс білдірдік. Нәтижесінде Академия жобаны алып жүруді, ғылыми мақалаларды дайындауда тәжірибелік көмек көрсетуді, АҚШ пен Беларусь ғалымдарымен байланысу және патенттер алуды өз міндетіне алды. Өтінім беру кезінде ешқандай қиындықтар болған жоқ. Құжаттарды даярлау барысында кейбір талаптар бойынша туындаған сауалдарымызбен Қор өкілдеріне хабарласып, тұщымды, айқын жауап алып отырдық. Жобамыз байқауда жеңіп шыққаннан кейін Қор өкілдерімен бірге жұмыс кестесін белгілеп, есеп беру форматын жасадық. Қор 300 млн. теңге қаржы бөлді. Есебіміз бойынша жоба 4-5 жылда ақталып шығуы тиіс. Оның үстіне бізде өз қаржымыздан қосымша қаржыландыру бар. Қазірдің өзінде өнімді өткізетін ірі тұтынушылармен келісім-шарттар да жасасып қойдық.

С: Еліміздегі ғылым саласындағы реформаны қалай бағалайсыз? А: Елімізде ғылымға маңызды орын бөлініп отыр. Оның дамуына бөлінетін қаржы жыл сайын артып келеді. Бұған еліміздің саясаты да қолдау көсетуде. Президенттің «Үшінші модернизация» Жолдауында және «100 қадам» Ұлттық жоспарында да арасында «жасыл» экономика, электр энергетикасы секторы (энергетика тиімділігінің өсімі) бар экономиканың бірқатар болашағы зор секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылған. Осының барлығы еліміздің экономикасын құзыретті арттыру, инновацияны тарту және ғалымдар (ғылым) мен бизнес (өндіріс) арасында тығыз байланысты орнату арқылы жаңғыртуға бағытталған. Соңғысы (ғылым мен бизнес байланысы) ең алдымен орындалған ғылыми жұмыстардың тәжірибелік маңыздылығын арттыру үшін қажет.

С: Сіздер сияқты зерттеулер жүргізіп, қаржыландыру көзін іздеп жүрген ғалымдарға қандай кеңес берер едіңіз? А: Ғылым Қорынан қаржыландыру туралы айтатын болсақ, онда ең бірінші жаңалығыңыз ноу-хау болып табыла ма және оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік бар ма деп, бағалап алу қажет. Осы талаптарға жобаңыз сай келетін болса Қордың байқауына бек сеніммен қатыса аласыз. Бұл екінші қадам. Ғылыми грант дегеннің не екенін түсіну қажет және өз зерттеулеріңіздің нәтижелерін ұсынуыңыз қажет. Осы кезеңде сарапшылар сіздің жаңалығыңыздың өзектілігін және плагиатқа тексергеннен кейін ол зияткерлік меншікке айналуы тиіс: өндіру үшін бәсекеге қабілетті патент немесе лицензия. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар да қарапайым. Оның үстіне Қор өтінім беру процесін жеңілдеткен – өкілдері кез келген кезеңде кеңес беріп отырады. Егер 2016 жылы ғылыми ұйым ретінде тіркелу қажет болса, қазір ол міндетті емес. Үшіншіден, жобаның жетістігіне сенімді болу қажет және өз капиталыңның болғаны абзал. Мемлекет идеяңды жүзеге асыруға қаржы бөліп, көмектеседі, бірақ өз міндеттеріңіздің бар екенін естен шығармағаныңыз дұрыс: жұмыс орындарын ұйымдастыру, салық төлеп отыру т.б. Мен ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру идеясын қолдаймын. Өйткені ол ғалымдарға өз жобаларын жүзеге асыруға, кәсіпкерлерге жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді.

 

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/5n8c2DzvzkM8Amdju7wQxYoiF1CPr7.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/TUK9M8492XEEUckMNqU5R3YrmySOI4.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/1ZsDklxuoIRMxzFVcGM0e40n9pe8A1.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/lJkN9bMwq7hmNVJy6M2YN6LjOg77ee.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/1F3PBG5c2aY957DcC15zr6gZztwaHE.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/QczRxjaG0eq10VXQfv22Jmwdp3yxg0.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/37lwQ6McLXt2K1F0mA9cgx3MMp7BVW.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/cfVM1V2o2E139wtFD5Dm3ltZdv8jtt.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/cog4KeR6ZcmpvNdV1vd46YH6Y5vroG.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/RwumbFnd5IYIl2Ga7740o0yNjP97nJ.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/Q2HxjXmZtYZ4kG9RvwImQtP2xqpA6g.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/0JI5McuKCz5qO8syg756O857S9jBHS.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhary-diodty-shamdardy-dayyndau-ndirisi-767543](https://yvision.kz/kk/post/zhary-diodty-shamdardy-dayyndau-ndirisi-767543)