---
title: "Жаратқаным, басымды ием, Өзіне"
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Моцарт В.А. «Вальс дождя»Бейнематериал авторы – Tuz Ba..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-02-07T12:41:25+00:00"
modified: "2018-02-07T12:41:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zharat-anym-basymdy-iem-zine-795738"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zharat-anym-basymdy-iem-zine-795738/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаратқаным, басымды ием, Өзіне

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Моцарт В.А. «Вальс дождя»Бейнематериал авторы – Tuz Ba...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Моцарт В.А. «Вальс дождя»

Бейнематериал авторы – Tuz Bagyt

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Жаратқаным, басымды ием, Өзіне,

Бергеніңе өмірді, көргеніме.

Жүрегіме, мың рахмет, сезгеніне,

Сезімге де ризамын, түсіп жатқан, өлеңге.

Бар ойымды жеткізген, қара сөзге,

Поэзияма, көп рахмет, көңілдерге.

Шын жүрекпен қабылдап, жазған бізге,

Оқырманым ылайық, бүгін төрге.

Жүрегімнің төрінен, орын бердім,

Сырласымда, мұңдасым, менің халқым.

Арманыма, дем түсіп, тағы сендім,

Ниет сөздер, осы ғой, менің барым.

Бір үмітті, тағы көрдім, алдымнан,

Қолын бұлғап, маған бүгін, тұрғандай.

Мен пендемін, биік емес, халқымнан,

Тік тұру, қажет онда, құламай.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zharat-anym-basymdy-iem-zine-795738](https://yvision.kz/kk/post/zharat-anym-basymdy-iem-zine-795738)