---
title: "«Жарқын жүздесу, сырлы сұхбат»"
description: "19 қазан кітапханада ерекше үлкен мереке өтті. Олай деуіме себеп біріншіден бұл үлкен іс-шара БАЛАЛА..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2022-10-19T09:31:54+00:00"
modified: "2022-10-19T09:31:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-zh-zdesu-syrly-s-hbat-976610"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-zh-zdesu-syrly-s-hbat-976610/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жарқын жүздесу, сырлы сұхбат»

> 19 қазан кітапханада ерекше үлкен мереке өтті. Олай деуіме себеп біріншіден бұл үлкен іс-шара БАЛАЛА...

19 қазан кітапханада ерекше үлкен мереке өтті. Олай деуіме себеп біріншіден бұл үлкен іс-шара БАЛАЛАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА арнайы ұйымдастырылып отыр, ал екінші ерекшелігі кітапхана қабырғасында екі жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығармалар» бойынша Республикалық байқаудың 2022 жылғыжеңімпазы сонау оңтүстік астанамыз, Алматыдан келген талантты балалар жазушысы, біліктіITмаманы Мейіржан Жылқыбаймен жүзбе жүз кездесуі. Әрине біздің кітапхана және біздердің оқырмандар автормен жүзбе жүз кездеспесе дежақын таныс. Өйткені қазіргі заманауи техниканың арқасында бірнеше рет онлайн біздің оқырмандарымен кездескен болатын. Кездесуге«сөз қадірін» түсінетін мектеп мұғалімдерімен кітапханашылар және 10 мектептің, 11мектептің 5-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жазушының ықыласты әңгімесін сүйсіне тыңдады. Сондай-ақ автор өзінің жаңа кітаптарымен таныстырып, бірнеше қызықты сұрақ қойған таңдаулы оқырманға және кітапханаға жаңа кітаптарын сыйға тартты. Корей елінде шыққан «Батыр қоян» ертегісін автор өзі дауыстап оқып беріп, ертегіні оқырмандармен бірге талқылады. Кездесу керемет «Бала тілегі» әнімен және жазушының балаларға, ал балалардың жазушыға деген арнайы әсерлітілектерімен аяқталды. #балаларжылы

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/682a12822edfa689ee4b83a31a6cc4.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/1d085a4e35e6268edf5d5fc06d8b49.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/9c00b1d7c12226745ecb783ff44f02.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/804fb0c3048f96e3cf371d1660ea9e.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/e17717ad804798720e423f4a49a778.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/2d3aacc546db1051466f86010de3f3.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/832e8a2faff2f40dd7f8817cb1f886.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-zh-zdesu-syrly-s-hbat-976610](https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-zh-zdesu-syrly-s-hbat-976610)