---
title: "Жарқын болашақ, көңілді орта! Қазақстан ғажайыптары..."
description: "2050 жыл екен!Қазақстанның жетістіктері.Экономика: Теңге, әлемдік валюта болыпты.Бағамы: 1 теңге - 1..."
author: "kzblog"
published: "2020-01-26T05:15:47+00:00"
modified: "2020-01-27T07:03:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-bolasha-k-ildi-orta-aza-stan-azhayyptary-848556"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-bolasha-k-ildi-orta-aza-stan-azhayyptary-848556/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жарқын болашақ, көңілді орта! Қазақстан ғажайыптары...

> 2050 жыл екен!Қазақстанның жетістіктері.Экономика: Теңге, әлемдік валюта болыпты.Бағамы: 1 теңге - 1...

2050 жыл екен!

Қазақстанның жетістіктері.

Экономика: Теңге, әлемдік валюта болыпты.

Бағамы: 1 теңге - 100 доллар.

Әлеуметтік жағдай: Зейнеткерлікке еркектер - 50 жаста, әйелдер - 40 жаста шығатын болыпты. Зейнетақы деген жоқ екен. Зейнеткерлер толық мемлекет қамқорлығында екен. Оларға, азық-түлік, ем, жылына 4 рет санаторий сияқты, т.б. ұсақ-түйек шығындар жергілікті бюджетте қарастырылады екен.

Орта, арнаулы және жоғарғы оқу тегін болыпты.

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына дүнижүзінен келіп оқиды екен. Конкурс, 1 орынға - 5 млн адам.

Жалпы жұмыс уақыты, аптасына 4 күн, күніне 6 сағат екен.

Қазақстандықтардың орта жасы - 99 жас екен.

110 жасқа келген Елбасы, Қазақстанның 3000 жылға дейінгі даму жоспарын жасап жатыр екен.

Ғылым: Қазақстан әлемде бірінші болып марсқа ғарышкерлерін жіберіпті. Олардың жерге қайтуы 2100 жылға жоспарлагған екен. Ал, айды, 2030 жылға дейін саяси басшылықта болған қазақстандық азаматтар бөліп алыпты. Оларға үйді, АҚШ, Англия, Германия сияқты артта қалған мемлекеттерден апарған гастербайтерлер салады екен.

Спорт: Футболдан Қазақстанның ұлттық құрама командасы әлем чемпионы болыпты.

Бауырлар! Кешіріңіздер! Мен Қазақстанды чемпиондыққа жеткізген батырларымызды күтіп алуға космодромға кеттім. Әлемдік дода айда өткен.

Әрі қарай өздеріңіз жалғастырыңыздаршы!

Болашақ жарқын, өмір көңілді болсын!

😍😂🤣🥰😘😋😛😝😜🤪🤩😀😀😀😀😀😀😀😀😀

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-bolasha-k-ildi-orta-aza-stan-azhayyptary-848556](https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-bolasha-k-ildi-orta-aza-stan-azhayyptary-848556)