---
title: "Жарқын болашақ (?)"
description: "Eric Qualman өзінің Socialnomics кітабында әлеуметтік желілерді негізге алып, оларды индустриялдық р..."
author: "Arsik"
published: "2009-08-20T05:34:14+00:00"
modified: "2009-08-20T05:34:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-bolasha-16216"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-bolasha-16216/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жарқын болашақ (?)

> Eric Qualman өзінің Socialnomics кітабында әлеуметтік желілерді негізге алып, оларды индустриялдық р...

Eric Qualman өзінің [Socialnomics](http://www.amazon.com/Socialnomics-social-media-transforms-business/dp/0470477237/ref=sr_1_1?ie=UTF8&qid=1249912188&sr=8-1) кітабында әлеуметтік желілерді негізге алып, оларды индустриялдық революция уақытынан кейінгі төңкеріс ретінде қарастырады. Сонымен, келешекте бізді не күтіп тұр?

- 2010 жылға қарай [Y](http://en.wikipedia.org/wiki/Generation_Y) ұрпағы (1980 - 1995 аралықта туғандар) [беби бумерлер](http://en.wikipedia.org/wiki/Baby_Boom_Generation) (20-ғасырдың жартысында туғандар) санынан асып түседі.

- Порно тақырыбы қаралу саны бойынша 1-ші орында.

- 2008 жылы қарым-қатынастарын заңдандастырған әр 8-ші американдық жанұя әлеуметтік желілерде танысты.

- 50 миллион аудиторияны радиоға баурап алу үшін 38 жыл, ТВ - 13 жыл, Интернетке - 4 жыл, iPod - 3 жыл қажет болды. Әлеуметтік желі FaceBook 100 млн. қолданушыға 9 айдың ішінде ие болды. 9 айдың ішінде iPhone-ға арналған қосымша - 1 млрд.

- Егер де FaceBook мемлекет болса, ол АҚШ пен Индонезия арасында орналасқан әлемнің 4-ші елі болушы еді.

- Бірақ, кейбір мәліметтер бойынша, қытайлық QZone атты әлеуметтік желіде қолданушылар саны одан көп - 300 млн. Бұның себебі - FB-қа Қытайда тыйым салынғандығы.

- Әлеуметтік желілердің ең белсенді аудиториясы Ресейде. Осында ай сайын 6,6 сағат бойы отырады. Беттерді қарап шығу саны орташа есеппен - 1307.

- АҚШ Білім беру министрлігінің мәліметтері бойынша (2009), күндізгі бөлімде оқитын студенттер санынан гөрі онлайн білім алатын студенттер саны көбірек.

- Компаниялардың 80% жаңа қызметкерлерді алу үшін LinkedIn желісін пайдаланады.

- FB-тағы ең белсенді топ - 55-65 жастағы әйелдер.
- [Ashton Kutcher](http://en.wikipedia.org/wiki/Ashton_Kutcher) мен [Ellen DeGeneres](http://en.wikipedia.org/wiki/Ellen_DeGeneres)-тің Твиттердегі фолловерлердің саны Ирландия, Норвегия мен Панама тұрғындарын тұтас алғандағы санымен тең.

- Твиттерге арналған бағдарламалардың 80% мобильді телефондар үшін. Адамдар кез-келген жерде, кез-келген уақытта жазады.

- Y және Z ұрпағы е-mail-дан бас тартады.

- Вегастағы жаңалықтарды YouTube, Flickr, Twitter, FB-тардан білуге болады. YouTube - бұл екінші орында орналасқан іздеу жүйесі.

- Википедияда 13 млн. астам мақала бар. Кейбір зерттеулер бойынша, ондағы ақпарат Британикке қарағанда нақтырақ. Мақалалардың 78% ағылшын тілінде емес.

- Егер де Википедияда жазылған әр мақала үшін сізге 1 доллар төлеп отырса, 1 сағатта 156,23 доллар табуға болушы еді.

- Желіде 200 миллион блог.

- Блогшылардың 54% блог пен твиттерге күнде жазып тұрады.

- FB қолданушылары сайтты ағылшыннан орыс тіліне 2 сағаттың ішінде аударды және бұған 1 цент те жұмсалмады.

- Топ-20 брендке жасалған іздеу нәтижелерінің 35% - бұл қолданушылармен жасалған контентке сілтемелер.

- Блогшылардың 34% тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы пікірлерді жазады. Адамдарға олардың (тауар/қызмет көрсетудің) Гуглдегі позициясынан гөрі басқалардың көзқарасы маңызды.

- Тұтынушылардың 78% өзінің әлеуметтік желілердегі мүшелердің «кепілдемелеріне» сенім білдіреді. Тұтынушылардың 14% ғана жарнамаға сенеді.

- TiVo (DVR) қолданушыларының 19% онлайн-жарнамаға назар аудармайды.

- Американдықтардың 35% өткен айда 1 рет болса да мобильді телефондағы видеоны қарап шыққанын айтты.

- Амазондағы сатылымдардың 35% букридерде оқуға болатын форматта.

- 25 ірі газеттің 24-і таралымның түсіп кеткендігін байқады, оқырман енді жаңалықтарды өзі іздемейді, жаңалықтар оқырманды іздейтін болды.

- Жақында тауарлар мен қызметтерді іздемейтін боламыз, social media арқылы олар бізді тауып алатын болады.

- 1,5 млн. бірліктен асатын контент (сілтеме, жаңалықтар, жазбалар, фото, т.б.) FB-та орналасқан.

- SM-дегі «олжалы» компаниялар Дейл Карнегиге көбірек және Дэвид Огилвиге аз еліктейді - басында тыңдап ал, кейін сатуға кіріс.

P.S. Осының бәрі автордың фантазиясы ма, әлде нақты болжамы екеніне көзіміз жететін күн алыс емес.

[Ақпарат көзі](http://blogimira.ru/svetloe-budushhee-socialnyx-setej-fantaziya-ili-sensacionnyj-perevorot/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-bolasha-16216](https://yvision.kz/kk/post/zhar-yn-bolasha-16216)