---
title: "Жаппай көкпардан жарыс өткізілді"
description: "Астана күніне орай еліміздің ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен жаппай к..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-18T22:40:08+00:00"
modified: "2013-06-18T22:40:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhappay-k-kpardan-zharys-tkizildi-358274"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhappay-k-kpardan-zharys-tkizildi-358274/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаппай көкпардан жарыс өткізілді

> Астана күніне орай еліміздің ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен жаппай к...

[!\[Жаппай көкпардан жарыс өткізілді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/kokpar_fd7b1b0d736c4c51046a0ccab608804a.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/kokpar_fd7b1b0d736c4c51046a0ccab608804a.jpg)

 

Астана күніне орай еліміздің ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен жаппай көкпар тартуға 5 команда қатысты.

Қазақтың төл өнері саналатын бұл спорт түрінің командалық көкпардан ең басты ерекшелігі – жүлде салым салған спортшыға ғана берілетіндігінде. Ал бұл жолғы доданың жүлде қоры 1 миллион 500 мың теңгені құрады. Бас жүлде Жамбыл облысының өкілі Қуаныш Құрамаевқа бұйырды. Жарыс барысында елімізде өтетін Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақтады. Көкпардан құрлықтық біріншілік алдағы қыркүйекке жоспарланған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhappay-k-kpardan-zharys-tkizildi-358274](https://yvision.kz/kk/post/zhappay-k-kpardan-zharys-tkizildi-358274)