---
title: "Жапонияда медицина докторы атағын алған тұңғыш қазақ қызы"
description: "Соңғы кездері Қытайдағы білікті қазақ шипагерлеріне сұраныс артты. Өйткені шетелден білім алған қаз..."
author: "nazgulnaz"
published: "2012-12-20T23:54:44+00:00"
modified: "2012-12-20T23:54:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhaponiyada-medicina-doktory-ata-yn-al-an-t-ysh-aza-yzy-309969"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhaponiyada-medicina-doktory-ata-yn-al-an-t-ysh-aza-yzy-309969/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жапонияда медицина докторы атағын алған тұңғыш қазақ қызы

> Соңғы кездері Қытайдағы білікті қазақ шипагерлеріне сұраныс артты. Өйткені шетелден білім алған қаз...

Соңғы кездері Қытайдағы білікті қазақ шипагерлеріне сұраныс артты. Өйткені шетелден білім алған қазақ мамандары тек қазақ дәрігерлігін ғана емес, Қытай медицинасын, батыс медицинасын бес саусақтай білетін таптырмайтын маманға айналып отыр. Зәруіне дәру іздеген жандарға шипа сыйлаған сондай ақ халатты жандардың бірі – Жазира Тоқайқызы.

![Жапонияда медицина докторы атағын алған тұңғыш қазақ қызы](http://www.baq.kz/foto/434_83e5aacf666535ef77d0c8e0ff91658a.jpg)

Жазира Тоқайқызы 1965 жылы 19 мамырда Қытайдың Алтай аймағы Алтай қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Ши-ән медицина университетінде емдеу факультетін бітіріп, Шыңжаң меицина университетінің қарамағындағы І шипахананың ішкі аурулар бөлімі тыныс жолы жүйесінде клиникалық қызмет бастайды әрі оған қоса оқыту, оқытуды зерттеу қызметіне де белсене араласады. 1997 жылы маусымнан 2003 жылы наурызға дейін Жапония университетінің медицина саласындағы аға шипагерлердің, мамандардың қатаң сынынан өтіп, докторлық атағын қорғады.

Жазира Тоқайқызы Жапонияда медицина докторы, профессор Ozawa yukioның жетекшілігінде, жүрек электро кардиограммасының телефон арқылы меңгерілетін саласын зерттеді. Сонымен бірге тыныс алу жүйесіндегі енді-енді дамып келе жатқан "icu" больницада тыныс алуды басқару жағын да игерді. Жапониядағы кезінде зерттеуді табысты жалғастыру, зерттеу нәтижесін көрнектілендіру үшін, Жапонияның үш үлкен серіктігімен (Саrd Guardjapan, Nasa Corporation, Secom) келісім шарт аясында , телефон арқылы жеткізілетін жүрек электро кардиограмма жүйесін ашу, дамыту, жаңалау және клиникада қолдану жақтарында жемісті зерттеулер жүргізді. Жаңалық мазмұнға бай, тың жетістіктерді молынан қамтыған 17 ғылыми мақала жазып жариялады. Оның ғылыми зерттеу жетістіктері сол кездің өзінде Жапониядағы "Жүрек электро кардиограмма", "Емдеу ақпарат ғылымы", "Емдеу ақпарат ғылымы және компьютер" атты журналдарда үзбей жарияланып тұрды.

Қытайдағы әйел ғалымдар ішінен тұңғыш рет Жапонияның медицина ғылымы саласынан докторлық ғылыми атақ алған әйел ғалым.

Дайындаған Хазірет Әбділда

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhaponiyada-medicina-doktory-ata-yn-al-an-t-ysh-aza-yzy-309969](https://yvision.kz/kk/post/zhaponiyada-medicina-doktory-ata-yn-al-an-t-ysh-aza-yzy-309969)