---
title: "Жансая Әбдімәлік әлемді тағы да мойындатты"
description: "Еліміздің жас шахматшысы Жансая Әбдімәлік Чехияда BRNO OPEN 2013 халықаралық турнирінде жеңімпаз ат..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-19T07:56:37+00:00"
modified: "2013-12-19T07:56:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhansaya-bdim-lik-lemdi-ta-y-da-moyyndatty-391456"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhansaya-bdim-lik-lemdi-ta-y-da-moyyndatty-391456/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жансая Әбдімәлік әлемді тағы да мойындатты

> Еліміздің жас шахматшысы Жансая Әбдімәлік Чехияда BRNO OPEN 2013 халықаралық турнирінде жеңімпаз ат...

[!\[Жансая Әбдімәлік\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/20131219083234-300x210.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/20131219083234.jpg)

Еліміздің жас шахматшысы Жансая Әбдімәлік Чехияда BRNO OPEN 2013 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл жарысқа әлемнің 14 елінен 70-ке жуық спортшы қатысты. 20 жасқа дейінгі қыздар арасынан вице-чемпион атанған жерлесіміз 7,5 ұпай жинап, әлемді тағы да мойындатты.

Швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған турнирге қатысушылардың арасында алты халықаралық дәрежедегі және бес ФИДЕ шебері бар.

Жерлесіміз мүмкін болған 9 ұпайдың 7,5-ін қоржынына салып, әйелдер арасындағы гроссмейстер атануға мүмкіндік алды, деп хабарлады 24.kz.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhansaya-bdim-lik-lemdi-ta-y-da-moyyndatty-391456](https://yvision.kz/kk/post/zhansaya-bdim-lik-lemdi-ta-y-da-moyyndatty-391456)