---
title: "Жанболат пен Жазира: Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана"
description: "ҚР Мәдениет қайраткерлері, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-07T08:04:00+00:00"
modified: "2015-08-05T08:07:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhanbolat-pen-zhazira-bizdi-zhasap-zhat-an-e-begimiz-te-izge-tam-an-tamshyday-ana-524217"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhanbolat-pen-zhazira-bizdi-zhasap-zhat-an-e-begimiz-te-izge-tam-an-tamshyday-ana-524217/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жанболат пен Жазира: Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана

> ҚР Мәдениет қайраткерлері, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. ...

ҚР Мәдениет қайраткерлері, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

![Жанболат пен Жазира: Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/wAYj9t2BagZ0riQyR5oyfE4vHI7mz4.png)

Отбасылық құндылықтар туралы ой өрбіткен Жазира Байырбекова: «Отбасының беріктігі кешірімділікпен сақталады. Ер мынадай, әйел мынадай болуы керек деп, кесіп айту қиын. Себебі, әр адамның мінезі әр түрлі»,-дейді. Ал, Жанболат Ербатыров: «Отбасылық өмірге қадам баспас бұрын әр адам өзіне үлкен жауапкершілік алғаны дұрыс»,-деген пікірде. Жазира Байырбекованың орындауындағы соңғы әннің бірі «Майлықожаның термесіне» тоқталған әнші: «Халық әндеріне аз да болса, үлес қосайық деген ниетпен осы туындыға бейнебаян түсірдік. Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана. Әзірге жастарға ұнап жатыр»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhanbolat-pen-zhazira-bizdi-zhasap-zhat-an-e-begimiz-te-izge-tam-an-tamshyday-ana-524217](https://yvision.kz/kk/post/zhanbolat-pen-zhazira-bizdi-zhasap-zhat-an-e-begimiz-te-izge-tam-an-tamshyday-ana-524217)