---
title: "Жанар-жағармай бағасы төмендейдi — Ұ. Қарабалин"
description: "Жанар-жағармай бағасы төмендейдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Энергетика вице-м..."
author: "kazinform_kz"
published: "2014-12-09T02:52:19+00:00"
modified: "2014-12-09T02:52:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhanar-zha-armay-ba-asy-t-mendeydi-arabalin-447329"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhanar-zha-armay-ba-asy-t-mendeydi-arabalin-447329/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жанар-жағармай бағасы төмендейдi — Ұ. Қарабалин

> Жанар-жағармай бағасы төмендейдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Энергетика вице-м...

Жанар-жағармай бағасы төмендейдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Энергетика вице-министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiм еттi.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform/VJRvAbLD42NDN2Nck3xSQA508W3yOB.jpg)

«Жанар-жағармайдың бағасы төмендейдi ме? Жауап: иә. Жақында құны Үкiмет қадағалайтын мұнай өнiмдерiнiң бағасы түседi деп жоспарлануда. АИ-92 бензинi - литрi үшiн 128 теңгеден 115 теңгеге, АИ 80 - бұрынғы деңгейінде, 89 теңге деңгейiнде қалады. Дизель отыны 115 теңгеден 107 теңгеге түспек», - дедi Ұ. Қарабалин.

Еске сала кетейiк, бұның алдында депутат Мұхтар Тiнiкеев елдегi жанар-жағармай бағасы 115 теңгеге түсуi ықтимал деп хабарлаған болатын. Бүгiн вице-министр бұл болжамды растады.

Қосымша ақпаратты [http://www.inform.kz](http://www.inform.kz/) сайтынан көріңіздер!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhanar-zha-armay-ba-asy-t-mendeydi-arabalin-447329](https://yvision.kz/kk/post/zhanar-zha-armay-ba-asy-t-mendeydi-arabalin-447329)