---
title: "Жаңа заң қазақстандық тұтынушыларды қалай қорғайды?"
description: "Кез келген адам бір аптадан кейін сынып қалған затты сатып алған болуы мүмкін. Не болмаса ақысын төлесе де тиісінше қызметті ала алмаған ?..."
author: "Law.and.Order"
published: "2026-09-22T10:09:07+00:00"
modified: "2026-09-22T10:09:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhana-zan-kazakstandyk-tutynushylardy-kalay-korgaydy-1022072"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhana-zan-kazakstandyk-tutynushylardy-kalay-korgaydy-1022072/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңа заң қазақстандық тұтынушыларды қалай қорғайды?

> Кез келген адам бір аптадан кейін сынып қалған затты сатып алған болуы мүмкін. Не болмаса ақысын төлесе де тиісінше қызметті ала алмаған ?...

**Кез келген адам бір аптадан кейін сынып қалған затты сатып алған болуы мүмкін. Не болмаса ақысын төлесе де тиісінше қызметті ала алмаған жағдайға тап келіп жатады. Құрылтай депутаты Никита Шаталовтың айтуынша, тек өткен жылдың өзінде осындай оқиғаға байланысты 80 мыңнан астам өтініш түскен.**

![Жаңа заң қазақстандық тұтынушыларды қалай қорғайды?](https://storage.yvision.kz/images/user/503631/9518db10ca723ff10bf11c965c31b348.jpg?width=2560&height=1706)

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша депутаттар әзірлеген тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы жөніндегі жұмыс тобына жетекшілік етеді.Тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін не өзгереді?Біріншіден, бірыңғай базалық қорғау деңгейі енгізіледі. Бұған дейін заң негізінен тауар сатып алуға қатысты болса, енді дәл осындай талаптар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты да қолданылады.Екіншіден, сатып алушының құқығын шектейтін шарт талаптарының күші болмайды. Орындаушы өзін барлық жауапкершіліктен алдын ала босатып қойған, ұсақ қаріппен жазылған талаптар немесе чектің жоғалуы енді жосықсыз сатушыны жауапкершіліктен құтқармайды.Үшіншіден, тұтынушылар құқығы жөніндегі омбудсмен пайда болады. Омбудсмен азаматтарға кеңес береді, ортақ мәселелерді көтеріп, оларды мемлекеттік органдардың назарына ұсынады, нарықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуге қатысады және тұтынушылардың мүддесін сотта өзі қорғай алады.Төртіншіден, егер сатушы мәселені бірден шеше алатын болса, бірақ істі барлық кезеңнен өткізіп, сотқа дейін жеткізсе, сатып алушының пайдасына айыппұл төлейді.Никита Шаталовтың айтуынша, жаңа заңның негізгі мәні тепе-теңдікті сақтау. Азамат нақты қорғанысқа ие болуы керек, ал адал кәсіпкерге түсінікті ережелер мен артық қысымның болмауы қамтамасыз етілуге тиіс.Заң жобасы бойынша жұмыс сарапшылармен, бизнес өкілдерімен және тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдарымен бірлесіп жалғасып жатыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhana-zan-kazakstandyk-tutynushylardy-kalay-korgaydy-1022072](https://yvision.kz/kk/post/zhana-zan-kazakstandyk-tutynushylardy-kalay-korgaydy-1022072)