---
title: "«Жан күйзелісі» атты мүсін көрмесі өтуде"
description: "ҚР Ұлттық музейінде мүсінші Алексей Четвериковтың \"Жан күйзелісі\" атты көрмесі өтуде. Көрмеге мүсінш..."
author: "symbatym"
published: "2017-03-25T08:05:49+00:00"
modified: "2017-03-25T08:11:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhan-k-yzelisi-atty-m-sin-k-rmesi-tude-761203"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhan-k-yzelisi-atty-m-sin-k-rmesi-tude-761203/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жан күйзелісі» атты мүсін көрмесі өтуде

> ҚР Ұлттық музейінде мүсінші Алексей Четвериковтың "Жан күйзелісі" атты көрмесі өтуде. Көрмеге мүсінш...

ҚР Ұлттық музейінде мүсінші Алексей Четвериковтың "Жан күйзелісі" атты көрмесі өтуде. Көрмеге мүсіншінің асқан шеберлігін көрсететін 250-ге жуық туындылар қойылды. Экспозицияларға мүсінші ағаш, металл, мәрмәр, сүйек сынды әр түрлі материалдарды пайдаланған.

![«Жан күйзелісі» атты мүсін көрмесі өтуде](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/XuzL9dT9j7953f2hPn4Qq9x44fWg5I.jpg)

Қола, ағаш, мәрмәрдан жасаған жұмыстарына қарап оның жан-жақтылығын көрсек, таяқ немесе тарақ сынды бұйымдардан істелген бірегей өнер туындыларынан талантын мойындаймыз.

![«Жан күйзелісі» атты мүсін көрмесі өтуде](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/ODSyyH640Ouwl4lDH1LXQl8o3Fj7u1.jpg)

Тіпті, кейбір экспонаттар ұсақ пластикадан толыққанды дара мүсінге дейін өзгерген. Мүсіндер арқылы ол қоршаған орта әдемілігін, үйлесімін көрсетуге тырысты.

![«Жан күйзелісі» атты мүсін көрмесі өтуде](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/Kc1HOXVQ6TuTLX3RYk1ObnL2YL65ai.jpg)

Алексей Четвериков өнертанушылардың жоғарғы көркемдік бағасын алған үлкен мұра қалдырды. "Жан күйзелісі" көрмесі талантты мүсіншінің тұлға ретінде көп қырлы екендігін ашады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhan-k-yzelisi-atty-m-sin-k-rmesi-tude-761203](https://yvision.kz/kk/post/zhan-k-yzelisi-atty-m-sin-k-rmesi-tude-761203)