---
title: "Жанғазы Руслан Досжанұлы"
description: "a Руслан Жанғазы ..."
author: "janghazy"
published: "2012-10-19T06:46:15+00:00"
modified: "2023-03-20T18:35:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhan-azy-ruslan-doszhan-ly-297315"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhan-azy-ruslan-doszhan-ly-297315/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жанғазы Руслан Досжанұлы

> a Руслан Жанғазы ...

![Жанғазы Руслан Досжанұлы](https://storage.yvision.kz/images/user/zhangazy/SaHho6AoAfXEQhJZ380tMNRBrtio7T.jpg)

Руслан Жанғазы

Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі

Ғылыми қызығушылықтар шеңбері кең және әртүрлі саладағы сараптамалық, ұйымдастырушылық пен басқарушылық жұмыс тәжірибесі мол Қазақ саясаттанушысы.

Кәсіби мамандануы – Қазақстан мен геосаяси Еуразиядағы саяси тәуекелдер саласындағы сараптамалық барлау.

Білімі, қайта даярлау және кәсіби біліктілікті арттыру

2000 – 2005 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті –"Саясаттанушы, саясаттану оқытушысы" – деген біліктілік берілді. Diploma Cum Laude.

«Орталық Адиядағы геосаяси процестер: әскери-стратегиялық аспект» тақырыбындағы дипомдық жұмысын сәтті қорғап шықты.

2011 – 2013 жж. – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – "Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі" – академиялық дәрежесі берілді. GPA – 3,78.

«Қазақстан Республикасында ұлттық ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыру» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Техносаясаттанушы, ұлттық ғылыми-технологиялық саясатты зерттеу және қалыптастыру саласындағы сарапшы.

2003 – 2004 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әскери кафедрасы – "Лейтенант" әскери атағы берілді.

2014 ж. – "Технион" Израильдің технологиялар институты – "Техниондағы инновациялар, кәсіпкерлік және технологияларды коммерцияландыру" инновациялық семинары шеңберінде Тель-Авив университеті, Хайфа университеті, Иерусалимдағы Яһуди университеті және Технионға сапар жасалды.

2016 ж.– Малайзияның технологиялық даму корпорациясы – Назарбаев Университеті ұйымдастырған Малайзияның техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде "Қазақстандағы практиктерге арналған MTCP-MTDC коммерциализациялау экожүйесін дамыту" тренинг бағдарламасы.

2015 ж. – Еуропа Одағының зерттеу және инновация жөніндегі негіздемелік бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы ұлттық үйлестірушісінің "Horizon 2020: new calls for proposals" атты тренингі.

2015 ж. – Springer – аталмыш халықаралық баспаның басылымдарында ғылыми мақалаларды жариялауды үйрететін авторларға арналған тренинг.

2014 ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты – "Өнеркәсіптік меншік саласындағы даму мен бәсекелестікке қабілеттілік" республикалық семинары.

2014 ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты –"Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау және пайдалану" семинары.

2012 ж. – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – "Экстремизм және лаңкестікке қарсы тұру мәселелері: тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету" тақырыбы бойынша республикалық семинар-тренинг.

2011 ж. – А.М. Горчаков атындағы Қоғамдық дипломатияны қолдау қоры – "Ресей және оның айналасындағы әлем: Болашаққа бағдарланған диалог" атты жас сарапшыларға арналған ғылыми білім беру бағдарламасы.

2010 ж. – Саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың Тұңғыш Орталық Азиялық конвенті.

2007 ж. – Ресейдің Саяси зерттеулер орталығы (ПИР-Центр) – Жаһандық және ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық жазғы мектебі.

Кәсіби қалыптасуы және біліктіліктерін дамытуы

2005 – 2006 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының оқытушысы.

2005 – 2007 жж. – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері.

2008 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің сарапшысы.

2008 – 2010 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери стратегиялық зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері.

2009 – 2010 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің – Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының іссапармен жіберілген сарапшысы.

2009 – 2012 жж. – Аймақтық болжамдау орталығының директоры.

2009 ж. – Өңірлік зерттеулер халықаралық институтының директоры.

2010 – 2012 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері.

2012 – 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Халықаралық мәдениеттер және діндер орталығының Талдау жұмысы бөлімінің бастығы.

2013 ж. – "e-center.asia" ақпараттық талдау порталының бас редакторы – "Континент - А" Өңірлік мәселелерді зерттеу орталығының сарапшысы.

2014 – 2015 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жүйелеу және бағалау департаментінің директоры.

2015 ж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Технологияларды коммерцияландыру және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2015 – 2016 жж. – "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанаты төрағасының штаттан тыс кеңесшісі.

2016 – 2022 жж. – мемлекеттік бағдарламалар және ішкі саясат саласындағы өзге де құжаттарды әзірлеу және олардың жүзеге асырылуының тиімділігін талдау жөніндегі кеңесші-фрилансер.

2022 ж. – қазірге дейін – Straxio Riskelligence құрылтайшысы және директоры.

Руслан Жанғазының зияткерлік жобалары

1. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін Ғылыми-технологиялық даму доктринасы жобасының авторы;

2. Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" заң жобасын келістіруге және одан әрі жылжытуға қатысты;

3. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Инновациялық даму тұжырымдамасы жобасын келістіруге және одан әрі жылжытуға қатысты;

4. "Инновациялар және патенттер деректер қорын құру" ҒЗЖ туралы есебін әзірлеуге қатысты;

5. Стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысты;

6. Елбасы атына және еліміздің жоғары басшылығына әзірленген бірсыпыра талдау-сараптау материалдарының авторы;

7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тапсырмасына сәйкес бірсыпыра ғылыми зерттеу және талдау жобаларын орындады;

8. Кітап және екі әдістемелік құралдың авторы;

9. Ғылыми басылымдарда, қоғамдық саяси мерзімді баспасөзде, интернет парақшаларда жарияланған 200-ден астам мақала мен сұхбаттың авторы, Yvision платформасында жеке блогын жүргізеді.

Руслан Жанғазының ғылыми қызығушылықтарының өрісі

Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми-технологиялық саясаты: зерттеу, әзірлеу, жоспарлау және іске асыру;

Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесі: даму парадигмасының ауыстырылуы: жүйе элементтерін қалыптастырудан – болашақ технологиялық серпіліс бағыттарын болжамдауға;

Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері: ұлттық мүдделер және елдердің әлеуетін біріктіру болашағы арасындағы теңгерім;

Қазақстанның ағымдағы этносаяси, конфессионалдық және тілдік процестері: үрдістері, факторлары, ерекшеліктері;

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру: Қауіпсіздік Кеңесінің үйлестіруші ролін күшейту, барлау қауымдастығының даму тұжырымдамасы, ұлттық қауіпсіздік қауіп-қатерлерінің трансформациялау үдерісін талдау;

Әскери қауіпсіздік және қорғанысты қамтамасыз ету мәселелері: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың Штабтар бастықтарының біріккен комитетін құру арқылы әскери басқарудың стратегиялық органдарының тиімділігін арттыру;

Ішкі саясаттағы ағымдағы үрдістерді талдау: саяси партиялардың құрылуы мен бәсекелестігі, «билік – оппозиция» бағыты бойынша өзара іс-қимыл;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйелерін жаңғырту, электрондық үкімет мәселелері;

Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhan-azy-ruslan-doszhan-ly-297315](https://yvision.kz/kk/post/zhan-azy-ruslan-doszhan-ly-297315)