---
title: "Жан Ақжановпен кездесу"
description: "2019 жылғы 13 қараша күні департаменттің жеке құрамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеби жанрындағы жаз..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-11-13T07:44:22+00:00"
modified: "2019-11-13T07:44:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhan-a-zhanovpen-kezdesu-844261"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhan-a-zhanovpen-kezdesu-844261/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жан Ақжановпен кездесу

> 2019 жылғы 13 қараша күні департаменттің жеке құрамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеби жанрындағы жаз...

2019 жылғы 13 қараша күні департаменттің жеке құрамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеби жанрындағы жазушы Жан Ақжановпен кездесу өткізді.

Шараға «Ақжайық адалдық алңы» жобалық кеңсесі қызметкерлері мен облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.

Өз шығармашылығы туралы айта келе, Жан Ақжанов жемқорлыққа қарсы мәдениетті әдебиет арқылы қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача» және «Степь и судьба» кітаптарының авторы шығармаларында өзі тап болған әлеуметтік мәселелр мен өмірлік жағдайлар сипатталатынын айтты.

Жазушы сондай-ақ өнер, оның ішінде әдеби құралдар мен фильмдер арқылы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметі мен өз тағдырын Отанға қызмет етумен байланыстырған қызметкерлер өмірін дәріптеу қажеттігін жеткізді.

Облыстың еңбек сіңірген қайраткері, білім саласының ардагер ұстазы Асқар Ашуев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында көркем шығармалардың жетіспеушілігін атап, жазушыға парасаттылық, еңбекқорлық, адалдық пен әділдік сынды әдептілік қасиеттері мен адамгершіілк құндылықтарын насихаттуға қосып жатырған үлесіне алғыс білдірді.

Жазушы шығармаларында көтеріліп отырған мәселелерге қызметкерлер қызығушылық танытып, шара қонағымен ашық диалог барысында Жан Ақжанов адам бойында адамгершілік қасиеттерін жетілдіру жолдары туралы ой-тәжірибесімен бөлісті.

Шара соңында автограф сессия ұйымдастырылып, жазушы кездесуге қатысушыларға бірнеше дана кітабын тарту етті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhan-a-zhanovpen-kezdesu-844261](https://yvision.kz/kk/post/zhan-a-zhanovpen-kezdesu-844261)