---
title: "Жамбылдың «Әулие-Ата» командасы көкпар жарысында жеңіске жетті"
description: "Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» ипподромында өткен көкпардан әлем чемпионатының кубогі мен бас жү..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-05-14T03:03:36+00:00"
modified: "2013-05-14T03:03:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyldy-ulie-ata-komandasy-k-kpar-zharysynda-zhe-iske-zhetti-352521"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyldy-ulie-ata-komandasy-k-kpar-zharysynda-zhe-iske-zhetti-352521/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбылдың «Әулие-Ата» командасы көкпар жарысында жеңіске жетті

> Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» ипподромында өткен көкпардан әлем чемпионатының кубогі мен бас жү...

[!\[Жамбылдың «Әулие-Ата» командасы көкпар жарысында жеңіске жетті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/4a2f88467435eb574f53ac56698fbc9c-300x224.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/4a2f88467435eb574f53ac56698fbc9c.jpg)

 

Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» ипподромында өткен көкпардан әлем чемпионатының кубогі мен бас жүлде – 1 млн теңгені жамбылдық «Әулие-Ата» командасы жеңіп алды, деп хабарлайды [BNews.kz](http://www.bnews.kz/kk) тілшісі.,

Үздік команда атағы үшін Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарынан (2 команда) қатысқан көкпаршылар бақ сынасқан болатын. Жоғарғы лигаға еліміздің ең үздік спортшылары іріктелген. Бауыржан Момышұлы атындағы ипподром алаңына бірінші болып Шымкент пен Жамбыл облысы Байзақ ауданының командалары шықты. Байзақ командасы үшін бұл осынау дәрежедегі алғашқы жекпе-жек. Сондықтан әлдеқайда тәжірибелі шымкенттік команда қарсыластарынан басым түсіп, 0:7 есебімен келесі айналымға өтті.

Көкпардың қыр-сырын жақсы түсінетін көрермендер ойынның басынан-ақ таңдауларын «Әулие-Ата» командасына жасап қойған болатын. Бұл таңдау да бекер жасалып отырған жоқ, себебі олар көкпар бойынша Қазақстанның алты дүркін чемпионы. Оңтүстік Қазақстан облысымен жекпе-жекке шыққан олар өздерінің чемпиондық атағын тағы бір мәрте дәлелдеп шықты.

Бірінші орын мен жарыс кубогі, сондай-ақ 1 млн теңгеге тең бас жүлде жамбылдықтарға бұйырды, 2-орынды Оңтсүтік Қазақстан облысынан келген команда иеленсе (жүлде 750 мың теңге), 3-орынды Батыс Қазақстан облысының командасы қанағат тұтты (500 мың теңге).

[!\[Жамбылдың «Әулие-Ата» командасы көкпар жарысында жеңіске жетті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/01ce20f85dfffeefcd8ffd209625d0f6-300x224.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/01ce20f85dfffeefcd8ffd209625d0f6.jpg)

[!\[Жамбылдың «Әулие-Ата» командасы көкпар жарысында жеңіске жетті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/b09016d4efb99ba84ad025d3f9a119ee-300x224.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/b09016d4efb99ba84ad025d3f9a119ee.jpg)

[!\[Жамбылдың «Әулие-Ата» командасы көкпар жарысында жеңіске жетті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/5891da556dc80cbd645a48e3b854bc39-300x224.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/5891da556dc80cbd645a48e3b854bc39.jpg)

[!\[Жамбылдың «Әулие-Ата» командасы көкпар жарысында жеңіске жетті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/ffc7148bcf61922bd1c000aba30f71a7-300x224.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/ffc7148bcf61922bd1c000aba30f71a7.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhambyldy-ulie-ata-komandasy-k-kpar-zharysynda-zhe-iske-zhetti-352521](https://yvision.kz/kk/post/zhambyldy-ulie-ata-komandasy-k-kpar-zharysynda-zhe-iske-zhetti-352521)