---
title: "Жамбыл облысының тұрғындарының назарына! 24.02.2015"
description: "Жамбыл облысының тұрғындарының назарына! 2015 жылдың 4 наурызда сағат 9.00 ден 17.00-ге дейін ҚР Мем..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-03-20T00:17:05+00:00"
modified: "2015-03-20T00:17:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-t-r-yndaryny-nazaryna-24-02-2015-483247"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-t-r-yndaryny-nazaryna-24-02-2015-483247/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбыл облысының тұрғындарының назарына! 24.02.2015

> Жамбыл облысының тұрғындарының назарына! 2015 жылдың 4 наурызда сағат 9.00 ден 17.00-ге дейін ҚР Мем...

Жамбыл облысының тұрғындарының назарына! 2015 жылдың 4 наурызда сағат 9.00 ден 17.00-ге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Мақсат Аманқұлұлы Қожабаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет мәселелері» тақырыбында интернет- конференция өтеді. Сұрақтарыңызды «Магнолия» газетінің редакциясынның электронды поштасына ra@magnolia.kz немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазуыңызды сұраймыз. Маңызды және қызықты сұрақ- жауаптар газеттің келесі нөмерінде жарияланатын болады. [www.vk.com/anticorruption_tz](http://l.facebook.com/l.php?u=http%3A%2F%2Fwww.vk.com%2Fanticorruption_tz&h=KAQGJTjDU&enc=AZPCVgQSf3qNKVyHluIIyspd61k8MFRTiZjIHBWIFXFoRtAM1-AyaV405kpjZl8xIkEcQXUgHQKhRqFH6t-R6C4ANJCXFrymSPQN4UhFuZGk9dlzdMYnsfFPkoAPKcyj1LMrDPErfbOX7KhdGvQeUFnZ9fny6sBl2OpckdQDNoSAjQ&s=1) [www.facebook.com/anticorruption.tz](https://www.facebook.com/anticorruption.tz) [www.twitter.com/DepartamentTz](http://l.facebook.com/l.php?u=http%3A%2F%2Fwww.twitter.com%2FDepartamentTz&h=HAQGDswE_&enc=AZPQIWhy0THVsAbAcu3d4QOx6or-EOQNTeOCiisqUw4qSU5_4B7FhIcjsprTa8ks5RDcoKsMj6VHbyP256ZC_S1XLZvfOVnCRGzpB7qoSDXml6bRTKYp17lBR_FIkmgnEWYMKVd1xSoeH-ONlSSn9oitx-XA1DnyK4w23Qi6AAQQKg&s=1) anticorruption_zhambyl@mail.ru

Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы 1974 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер- құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген. 14 жыл бойы прокуратура саласында жұмыс атқарып, соңғы 2 жылда Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы болған. 2014 жылдың қараша айында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы лауазымында. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.Отбасылы, екі баласы бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-t-r-yndaryny-nazaryna-24-02-2015-483247](https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-t-r-yndaryny-nazaryna-24-02-2015-483247)