---
title: "Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері төл мерекесін атап өтті"
description: "Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл а..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-06-23T22:26:51+00:00"
modified: "2015-06-23T22:26:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-memlekettik-yzmetshileri-t-l-merekesin-atap-tti-515907"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-memlekettik-yzmetshileri-t-l-merekesin-atap-tti-515907/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері төл мерекесін атап өтті

> Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл а...

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкрекбаев 6 мемлекеттік қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамоталарын ұсынды.

Ал 4 қызметкер Мемлекеттік қызметтегі мінсіз қызметі үшін "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің Төрағасы Қожамжаров Қайрат Пернешұлының құттықтау хатын оқып, Мемлекеттік қызметшілер мерекесінің маңыздылығы зор екенін атап, мемлекеттік қызметшілерге алдағы жұмыста сәттілік тіледі.

Мақсат Аманқұлұлы ерекше көзге түскен мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік қызметкерлер арасында өткізілген облыстық спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.

Салтанатты бөлім аяқталған соң, көрермендер жергілікті шығармашылық топтардың және белгілі әртістердің мемлекеттік қызметшілерге арнап дайындаған концертін тамашалады.

Іс-шараға жалпы саны 400-дей мемлекеттік қызметшілер қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-memlekettik-yzmetshileri-t-l-merekesin-atap-tti-515907](https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-memlekettik-yzmetshileri-t-l-merekesin-atap-tti-515907)