---
title: "Жамбыл облысының Қаржы полициясы квас дайындаумен айналысатын астыртын цехтың заңсыз қызметін тоқтатты"
description: "Қаржы полициясы департаментіне аз-т Г-ның Тараз қаласының сауда орындарына өткізіліп отырған «квас»..."
author: "finpol"
published: "2014-07-18T04:08:48+00:00"
modified: "2014-07-18T04:08:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-arzhy-policiyasy-kvas-dayyndaumen-aynalysatyn-astyrtyn-cehty-za-syz-yzmetin-to-tatt-421838"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-arzhy-policiyasy-kvas-dayyndaumen-aynalysatyn-astyrtyn-cehty-za-syz-yzmetin-to-tatt-421838/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбыл облысының Қаржы полициясы квас дайындаумен айналысатын астыртын цехтың заңсыз қызметін тоқтатты

> Қаржы полициясы департаментіне аз-т Г-ның Тараз қаласының сауда орындарына өткізіліп отырған «квас»...

Қаржы полициясы департаментіне аз-т Г-ның Тараз қаласының сауда орындарына өткізіліп отырған «квас» сусынын жасаумен заңсыз айналасатыны туралы жедел ақпарат түсті.

Ағымдағы жылғы 16 шілдеде Жамбыл облысының қаржы полициясы қызметкерлерімен аз-т Г-ның жүргізуімен келе жатқан «Форт Транзит» маркалы автокөлік ұсталды. Квасты тасымалдаумен айналысатын автокөлікті тексеру барысында кваспен толтырылған әр қайсысы 50 литрлік 7 бөшке, 30 литрлік 11 бөшке табылды. Қаржы полициясы қызметкерлерімен үйді тексеру барысында, квас дайындаумен айналысатын 2 бөлмелі астыртын цех анықталды. Онда аталған сусынды дайындауға және оны әрі қарай өткізуге арналған қажетті құрал-жабдықтар: бөшкелер, сұйықтықты құятын түтікшелер, химиялық ингредиенттер, 2 000 литр көлеміндегі шикізат өнімдері, әр түрлі сыйымды ыдыстар табылды. Яғни, Департамент қызметкерлерімен жалпы сомасы 500 000 теңгедей тұратын 3 000 литрге жуық квас тәркіленді. Сонымен, аз-т Г-ның іс - әрекеттерінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде 357-1 б. (тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз,арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгінсiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) қарастырылған құқықбұзушылық белгілері байқалуда. Аталған сусын жылдың ыстық кезеңінде аймағымыздың тұрғындары сұранысына ие болғандықтан, лас, тазалыққа сай емес жерде дайындалған сусын азаматтардың денсаулығына қауіп - қатер төндіреді. Жамбыл облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті аймағымыздың тұрғындарын күдікті сусындарды сатып алуда және қолдануда қырағылық танытуға шақырады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-arzhy-policiyasy-kvas-dayyndaumen-aynalysatyn-astyrtyn-cehty-za-syz-yzmetin-to-tatt-421838](https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-arzhy-policiyasy-kvas-dayyndaumen-aynalysatyn-astyrtyn-cehty-za-syz-yzmetin-to-tatt-421838)