---
title: "Жамбыл облысының аграрийлері тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерін белсенді еңгізуде"
description: "Жамбыл облысының агрокешеніне жаңа технологияларды енгізіп, пайдалану мәселері Байзақ пен Меркі ауда..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-08-02T22:43:22+00:00"
modified: "2015-08-02T22:43:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-agrariyleri-tamshylatyp-zh-ne-zha-byrlatyp-suaru-disterin-belsendi-e-gizude-526543"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-agrariyleri-tamshylatyp-zh-ne-zha-byrlatyp-suaru-disterin-belsendi-e-gizude-526543/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбыл облысының аграрийлері тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерін белсенді еңгізуде

> Жамбыл облысының агрокешеніне жаңа технологияларды енгізіп, пайдалану мәселері Байзақ пен Меркі ауда...

Жамбыл облысының агрокешеніне жаңа технологияларды енгізіп, пайдалану мәселері Байзақ пен Меркі ауданында аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен «Егістік күні - 2015» семинар-кеңесінде талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, өткен жылы Жамбыл облысының диханшылары 4 281 га жерге тамшылатып және жаңбырлатын суаруды орнатқан, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 2 881 га құраған болатын.

Кездесу барысында аудандардың бірқатар шаруа қожалықтары аймақ басшысына жаңа технологияларды пайдалану үрдісін көрсетті. Сонымен, «Шәріпов» ШҚ мен «Талап» ШҚ көкеністер мен қызылшаны өсіру саласында жаңа технологияны пайдалану әдісін көрсетті.

Бұдан басқа, өз жұмысын «Сыпатай батыр» ЖШС таныстырды, ол тамшылатып суаруды 55 га және жаңбырлатып суаруды 400 га жерде пайдаланады. Жалпы, шаруа қожалықтарының егістік алқаптары 100 га-дан асады.

Кездесу соңына қарай аймақтың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жалпы сомасы 780 млн теңгеге екінші деңгейдегі банктермен келісімге отырды.

Егістік суының қадірін дихандар өздерінің көпжылғы ащы тәжірибелерінен жақсы біледі. Шу өзенінің басында отырған айыр қалпақты ағайындар суару маусымы сайын шөміштен қысып бұларды өзара қырқыстырып қоятыны аздай, кей жылдары ала жаздай аспаннан нәр тамбай қинайтыны және бар. Міне, сондықтан да соңғы жылдары аудандарда ылғал үнемдеудің жаңа технологиясын игеруден қаражат аямай, бұған барынша ден қоюшы агроқұрылымдардың қатары артып келеді.

Егер өткен жылы барлығы мың гектардай жерде тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсілдері қолданылған болса, биыл оның көлемі арта түспекші. Мәселен, «Қақпатас-Қордай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір өзі – 258, ал шаруа қожалықтарынан «Самғау» – 250, «Нұр» – 120, «Ұмтыл» – 94, «Мерей» – 90, «Қазақстан–2030» – 70, «Шэнхо» – 61 гектар алқапта көктемгі егіс жұмыстарымен бір мезгілде алқаптарды тамшылатып суару жабдықтарын қоса орнатуда.

«Самғау» шаруа қожалығының ылғал үнемдеу технологиясына бет бұрғанына үшінші жылға айналып барады. Былтыр тамшылатып суару әдісі қолданылған 35 гектар пияз, 20 гектар қытай бұршағы, 200 гектардан аса дәндік және сүрлемдік жүгері егістігінен әдеттегіге қарағанда бір жарым-екі еседен жоғары өнім алынған болатын. Ауданда өткен облыстық «Егінжай күні» семинарында осы шаруашылықтың да арамшөптен таза әрі өнімі бітік алқаптары үлгі ретінде көрсетілген еді. Биыл бұл қожалық пияз егісінің көлемін 45 гектарға арттырыпты.

тамшылатып суаруда тыңайтқыш жерге сумен бірге берілетіндіктен, түтік ішінде тұнып, клапандарын бітеп қалмайтын сүзілген тыңайтқыш қолданылуы керек болады. Сондықтан, «ҚазАзот» АҚ-ға осындай 1200 тонна тыңайтқышты арнайы әзірлеуге қосымша тапсырыс берілді.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/24425/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-agrariyleri-tamshylatyp-zh-ne-zha-byrlatyp-suaru-disterin-belsendi-e-gizude-526543](https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysyny-agrariyleri-tamshylatyp-zh-ne-zha-byrlatyp-suaru-disterin-belsendi-e-gizude-526543)