---
title: "Жамбыл облысында әскерилердің қатысумен жаппай төбелес болды. Видеосы бар"
description: "Тұрғындар мен журналистер арасында болған қырғын төбелес видеоға түсіп қалған. Фото (көрнекі):..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-08T08:00:40+00:00"
modified: "2024-01-08T08:01:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-skerilerdi-atysumen-zhappay-t-beles-boldy-videosy-bar-999658"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-skerilerdi-atysumen-zhappay-t-beles-boldy-videosy-bar-999658/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбыл облысында әскерилердің қатысумен жаппай төбелес болды. Видеосы бар

> Тұрғындар мен журналистер арасында болған қырғын төбелес видеоға түсіп қалған. Фото (көрнекі):...

Тұрғындар мен журналистер арасында болған қырғын төбелес видеоға түсіп қалған.

![Жамбыл облысында әскерилердің қатысумен жаппай төбелес болды. Видеосы бар](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/3c5b76acf52738099db003b3730661.jpg)

Фото (көрнекі): Uzreport.news

Бейнеролик әлеуметтік желіде (https://t.me/egovpress/5813 ) тарады. Оқиғаның Жамбыл облысындағы Отар ауылында болғаны айтылуда. Бұл деректі қорғаныс министрлігі растады.

«1 қаңтарда Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан екі азамат дене жарақатын алған. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бары анықталды», – делінген аталған министрліктің хабарламасында.

Бұл жағдай бойынша алты адам ұсталды. Олардың арасындағы екі әскери қызметші қамауға алынған. Өзге деректер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-skerilerdi-atysumen-zhappay-t-beles-boldy-videosy-bar-999658](https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-skerilerdi-atysumen-zhappay-t-beles-boldy-videosy-bar-999658)