---
title: "Жамбыл облысында қора өртеніп, 50 басқа жуық мал..."
description: "Жамбыл облысында өрт салдарынан 48 бас мал қырылып қалды. Осы түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Соның салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы өлген. Өрт алаңы 220 ш.м. Алдын ала мәлімет бойынша, қызыл..."
author: "orazali"
published: "2024-03-26T03:56:39+00:00"
modified: "2024-03-26T03:56:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-ora-rtenip-50-bas-a-zhuy-mal-yryldy-1002625"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-ora-rtenip-50-bas-a-zhuy-mal-yryldy-1002625/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбыл облысында қора өртеніп, 50 басқа жуық мал...

> Жамбыл облысында өрт салдарынан 48 бас мал қырылып қалды. Осы түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Соның салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы өлген. Өрт алаңы 220 ш.м. Алдын ала мәлімет бойынша, қызыл...

*Жамбыл облысында өрт салдарынан 48 бас мал қырылып қалды.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/a060ccaab1db3c0487c5f89758fc58.jpg) Осы түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Соның салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы өлген.

Өрт алаңы 220 ш.м. Алдын ала мәлімет бойынша, қызыл жалынның тұтануына электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп.

Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде өртті жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеді. ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

[t.me/qr_tjm](https://t.me/qr_tjm)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-ora-rtenip-50-bas-a-zhuy-mal-yryldy-1002625](https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-ora-rtenip-50-bas-a-zhuy-mal-yryldy-1002625)