---
title: "Жамбыл облысында қару-жарақты ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады"
description: "Жамбыл облысында қару-жарақты ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады. «BNews.kz», 14.04.20..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-04-13T22:03:25+00:00"
modified: "2014-04-13T22:03:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-aru-zhara-ty-erikti-t-rde-policiya-a-tapsyru-akciyasy-bastalady-409521"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-aru-zhara-ty-erikti-t-rde-policiya-a-tapsyru-akciyasy-bastalady-409521/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбыл облысында қару-жарақты ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады

> Жамбыл облысында қару-жарақты ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады. «BNews.kz», 14.04.20...

Жамбыл облысында қару-жарақты ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады. «BNews.kz», 14.04.2014ж. 2011 сәуірде Жамбыл облысында заңсыз сақталып келген қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады. Бұл туралы BNews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметі қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды ерікті түрде полицияға тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын атап көрсетті.

«Қару-жарақты полицияға өткізгендерге өтемақы қарастырылған. 2014 жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 17 млн теңге қаржы бөлінді», - деп хабарлады полициядан.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-aru-zhara-ty-erikti-t-rde-policiya-a-tapsyru-akciyasy-bastalady-409521](https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-aru-zhara-ty-erikti-t-rde-policiya-a-tapsyru-akciyasy-bastalady-409521)