---
title: "Жамбыл облысында 105 млн теңгеден астам бюджет..."
description: "Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады. Бұл туралы облыс прокуратурасындағылар хабарлап отыр...."
author: "orazali"
published: "2024-04-30T04:33:47+00:00"
modified: "2024-04-30T04:33:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-105-mln-te-geden-astam-byudzhet-arazhatyn-zhym-yru-deregi-any-taldy-1004123"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-105-mln-te-geden-astam-byudzhet-arazhatyn-zhym-yru-deregi-any-taldy-1004123/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбыл облысында 105 млн теңгеден астам бюджет...

> Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады. Бұл туралы облыс прокуратурасындағылар хабарлап отыр....

*Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады. Бұл туралы облыс прокуратурасындағылар хабарлап отыр.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/72b9f04f4ba9ba0d0dbcc9f68897f2.jpg)

Аталған аймақтың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген **105,3** млн теңгені заңсыз алғаны анықталды.

30.03.2024 жылы аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді.

Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды**.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-105-mln-te-geden-astam-byudzhet-arazhatyn-zhym-yru-deregi-any-taldy-1004123](https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-oblysynda-105-mln-te-geden-astam-byudzhet-arazhatyn-zhym-yru-deregi-any-taldy-1004123)