---
title: "Жамбыл ауданының жастары: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»"
description: "Ағымдағы жылғы 22 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қ..."
author: "finpolsko"
published: "2015-07-24T00:41:01+00:00"
modified: "2015-07-24T00:41:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-audanyny-zhastary-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-524403"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-audanyny-zhastary-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-524403/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жамбыл ауданының жастары: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

> Ағымдағы жылғы 22 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қ...

![Жамбыл ауданының жастары: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/AYW169ny9mK6vI86Y7NbEaKeNFEBC2.jpg)

Ағымдағы жылғы 22 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен «Жамбыл ауданының жастар бастамалары орталығы» КММ қоғамдағы жемқорлық сипаттарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша семинар өткізілді.

![Жамбыл ауданының жастары: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/gp9oVQ0oaXOoXJLzrFILSnEzI5jyO8.jpg)

Семинарға ауданның мемлекеттік органдарының жас қызметкерлері, жас кәсіпкерлер, этно-мәдени орталықтар, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері мен жастар қатысты.Кездесуде 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ұғымдары, мемлекеттік қызметке өту тәртібі, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістеріне жастардың көзқарасы талқыға салынды.

![Жамбыл ауданының жастары: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/FK8TbbQPMfxF8n6JN1CaU0ZMI4g1cf.jpg)

Іс-шара барысында сауалнама жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы слайдтар мен бейне роликтер көрсетілді, бұған қоса ақпараттық үнпарақтар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-audanyny-zhastary-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-524403](https://yvision.kz/kk/post/zhambyl-audanyny-zhastary-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-524403)