---
title: "Жаман Жәутік"
description: "Есенжол Домбаев \"Жаман Жәутік\" романы Бұл жолы мен романның қай жерде өткенін, қалай керемет жазылға..."
author: "keit"
published: "2017-04-17T00:34:34+00:00"
modified: "2017-04-17T00:34:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhaman-zh-utik-763255"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhaman-zh-utik-763255/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаман Жәутік

> Есенжол Домбаев "Жаман Жәутік" романы Бұл жолы мен романның қай жерде өткенін, қалай керемет жазылға...

Есенжол Домбаев "Жаман Жәутік" романы

Бұл жолы мен романның қай жерде өткенін, қалай керемет жазылғанын айтумен бастамаймын. Әрине, оның өткен орны жоқ емес, бар және ол басқа шығармаларға қарағанда осал да жазылмаған, тек басқаша жазу стилін байқап көрсем. Оны мен шығарма кейіпкерлерінен бастамақпын. Шығарманың басты кейіпкері, әрине Жәутік. Қой бағушы Жәутік. Үсті басы кір-кір болып жүретін, ауыл адамдарының ойынша еш нәрсеге қам жемей, босқа жүрген адам. Бірақ, ол түк білмейтіндей көрінгенмен, оның басқалардай санасы бар. Ол да ойлайды, ол да жаңа нәрсеге қызығады, ол да бақытты болғысы келеді. Ең бастысы оның адамдарға жақсылық жасай білуінде. Ал екінші кейіпкер - Паңгерей. Жасы отыздардан асқан, бала кезден карта ойынына қызығып, әлі күнге дейін карта ойынын ойнайды. Өзі картожниг болсада, сол кездердегі әйел жандылардың қызыға қарап, абыройы бар беделді ағаның бірі. Бала кезде әкесі он беске келді деп ат мінгізіп, той жасайды, той үш күн, үш түнге созылып, соңында Паңгерей бай молдалар балаларына еріп кетіп қалады. Әкесі Жантуар басында еш қарсылық білдірмейді. Үйдің үлкен баласы деп рұқсатын берген болса, кейіннен бұл әдетке айналып айлап үйге келмей ел кезіп жүретін болған. Онымен қоса, сол кеткен күні карта ойнайды. Біресе ұтып келсе, бір кездері сол ұтқанын басқаға ұттырып қайтып келеді. Ал Паңгерейдің әкесі болса, баласына бұл қылығын қойғызу үшін баланы оқуға да берді. Паңгерей озат оқыды. Бірақ карта ойнауын қоймады, солай әкесі Жантуар екі жылдай баласын мал соңына салғызып, мал да баққызды, бірақ Паңгерей еш нәрсе демеді. Солай күндер өтіп, әкесі баласын үйлендірейін десе еш ата - ана қызын бермей қойды. Сол кездерде баланың жалғыз өзіне отау тігіп, бөлек шығару деген болмаған. Сонда да, Паңгерейдің әкесі оған әйел алып бере алмаған соң, бір жағынан малымның бәрін картаға ұттырып жіберер деп қорықандықтан, оны бөлек отау қылып жеке шығарады. Паңгерей бұған да еш нәрсе демеді, келіп, кетіп жүре берді. Карта ойнайтын ешкім болмаса, қазақ орыс арасындағы жерге бақылаушы болғандықтан қазақтардың бір малы орыс жеріне өтіп кетсе ұстап алып, қамап қоятын, тіпті ол бір қора болсада. Солай Сашка деп аталатын бала кездегі досының, қәзіргі қазақ жеріндегі бастықтың қорасына қамайтын. Егерде жұмаға дейін алып кетпесе, айыппұл төлететін. Міне, әлі үйленбеген, қыз туралы ойламайтын, елдің ағасы романда осылай бейнеленген. Үшінші кейіпкер - Аққисым. Бір адам ұнамады ма, не болмаса бір жағдай ұнамады ма, барады да сол адамның бүкіл тарихымен қоса, ата-бабасына дейін зерттеп жазып беретін, арызқой. Ол адам туралы жазбады ма, жанына тыныштық жоқ. Сол кездерде халық ат, түйеге мініп жүретін болса, бұл өгізге мінеді де, бұл да үйіне апталап қана қонып, айлап жоғалып кетеді. Қулығы бір басына жететін, жын мен шайтанды да алдап түсіре алатын адам. Бірақ ол жын мен шайтанды алдамайды, басы бос, не болмаса күйеуінен айырылған әйелдерді алдайды. Қара сөзбен май тамызып, менің бәйбішем боласың деп тоқалдыққа алады. Алданғанын Аққисымның үйіне барғанда білген келіншектер кем дегенде бір айлап тұрып, Паңгерейдің жаласының арқасында бір шалға жем болып кете береді. Ал Паңгерей болса, оның орнына өгіз сұрайды, не өзіне қажетті нәрсені сұрайды. Бәйбішесі құрсақ көтермеген оған бұл әйел маған тоқал болса бала туып берер деген оймен алады. Бірақ қай келіншек көнген өзін алдап қолға түсірген аданың мінезі де жаман болып шықса. Міне, елден отауын бөлек жерге орналастырып, ел жұртпен бірге тұрмайтын Аққисым туралы осылай жазылған. Ал келесі әңгіме болатын, Паңгерейдің жеңгесі - Зағида. Жиырма жасында кәрі қыз атанып, Паңгерейдің әкесі Жантуар кіші баласына осы қызды беруін сұрағанда Паңгерейден басқаға тимеймін деп көнбеген келіншек. Соңында Жантуар шал кіші баласынан үш төрт жас үлкен болсада әйел қылып алып берген. Келін болып түскеннен бастап өз күйеуімен жақын болмаса да, іске пысық, үйдің болсың, сырттың болсын шаруасын шыр көбелек айналдыратын болған. Кейбір ауыл адамдарында, тіпті ауыл әйелдерінде болмайтын зат осының қолында жүретін. Әйел жанды болсада ерінің ыстық сезімін сезіне білмеген, осы сезімнің орнын шаруашылықа арнаған келіншек. Жантуар қарт осы келіні келген соң, екі баладан да қайыр болмайтынын біліп, келінін де қолдай білді, осының арқасында Зағида да іске жақсы араласып, бір ауылдан кәрі қыз атанып тұрмыс құрса да, бір үйдің түтінін түтетіп отырған келін атанған. Міне, осындай адамдардан құралатын ауыл өмірінде басқа да кейіпкерлер мен оқиғалар айтылады. Негізгі оқиғаның мәнісі Жәутіктің бәлшевик пен меншивикті айтып, бүкіл елді дүрліктіруі. Бұл бәлшевигі мен меншивигі сол кездердегі Ақ патшаны құлатқан партиясы болып шығуы. Олардың қара халыққа, әсіресе, Жәутік сияқты оқымаған азаматтарды жаңа партия құруға шақыру. Оларға бостандық алып берудегі ауыл өмірі мен сол кездердегі мәселелер қамтылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhaman-zh-utik-763255](https://yvision.kz/kk/post/zhaman-zh-utik-763255)