---
title: "Жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын контрабандалық..."
description: "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті. 2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-27T11:29:49+00:00"
modified: "2024-03-27T11:29:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhalpy-ny-1-mlrd-te-geden-asatyn-kontrabandaly-temeki-nimderi-any-taldy-1002713"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhalpy-ny-1-mlrd-te-geden-asatyn-kontrabandaly-temeki-nimderi-any-taldy-1002713/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын контрабандалық...

> Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті. 2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1...

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті.

![Жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын контрабандалық...](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/26edd4d0583193cb0857e1ab935bcd.jpg)

2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады. Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған. Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. ҰҚК баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhalpy-ny-1-mlrd-te-geden-asatyn-kontrabandaly-temeki-nimderi-any-taldy-1002713](https://yvision.kz/kk/post/zhalpy-ny-1-mlrd-te-geden-asatyn-kontrabandaly-temeki-nimderi-any-taldy-1002713)