---
title: "Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының қорытындысы."
description: "Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының қорытындысы2017 жылғы 12 мамыр күні бір мезгілде республика мекте..."
author: "MON_RK"
published: "2017-05-19T04:46:26+00:00"
modified: "2017-05-24T13:57:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhalpy-ltty-ata-analar-zhinalysyny-orytyndysy-767230"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhalpy-ltty-ata-analar-zhinalysyny-orytyndysy-767230/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының қорытындысы.

> Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының қорытындысы2017 жылғы 12 мамыр күні бір мезгілде республика мекте...

***Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының қорытындысы***2017 жылғы 12 мамыр күні бір мезгілде республика мектептерінде Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы болды, жиналыс 7450 мектептің 6831-інде өтті. Оған 1 370 966 адам, яғни республика көлеміндегі оқушылардың тең жарымына жуығының ата-анасы қатысты (барлығы 3 миллион). Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы отбасында мектеп оқушысы бар әр шаңырақ үшін маңызды. Мұндай шараны өткізу ата-аналарды мемлекеттің білім беру саласындағы саясатын талқылауға тарту мақсатынан туындаған болатын. Жиналыс шеңберінде, сондай-ақ, «Мектепке кітап сыйла!» атты акция өтті. Акцияның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Акция кезінде мектеп кітапханаларының қоры көркем әдебиет, танымдық және ғылыми кітаптардан тұратын 370 мың дана кітаппен толықты!

Жасыратыны жоқ, көптеген ата-аналар жұмысбасты болуына орай мектептегі шараларға қатыса алмайды. Ал 12 мамыр күні ата-аналар жиналысына келгендер балалары күн сайын уақытын өткізетін, білім алатын сынып бөлмелерін өз көзімен көру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге, ата-аналардың мектеп басшылығымен, сынып жетекшілерімен және пән мұғалімдерімен кездесуіне жағдай жасалды.

Жиналыста ата-аналар мектеп басшылығымен бірге қамқоршылық кеңесінің қызметіне қатысты мәселелерді (олардың құқықтары мен міндеттерін, қызмет ету принциптері мен тетіктерін), демеушілік мәселесін, жаңа форматпен өтетін ҰБТ-ны ұйымдастыру жайын, мектеп бітіру кешін өткізу мәселесін, оқытудың жаңа механизмдерінің пайда болуы мен білім беру жүйесінде бүгінгі таңда болып жатқан басқа да көптеген жайттарды талқыға салды. Олардың бірқатары төмендегідей: ● бірінші сыныптарда оқушылардың оқу барысындағы жетістігін бағалаудың критерийлі жүйесі енгізілді; ● 1 қыркүйектен, яки жаңа оқу жылынан(2017-2018) бастап 1, 2, 5, 7-сынып оқушылары білім беру сапасын және болашақ түлектердің бәсекеге қабілетті болуын арттыруға бағытталған жаңа бағдарламамен оқиды; ● Барлық педагогтар бірыңғай жаңартылған бағдарлама шеңберінде біліктілігін арттыру курсынан өтеді; ● [ҰБТ-ның жаңа форматы](https://yvision.kz/post/766761) бекітілді; ● Білім беру сапасы жөнінен қала мектептері мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту бойынша жұмыс жүріп жатыр; ● [«Баршаға арналған тегін ТжКБ»](https://yvision.kz/post/766798) бағдарламасы бастау алды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/8OJ85sunez4FgTv2PjBDqrcodLJ3xi.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/y59XijS9K8LfB7IQAa6wQu98N8jz4J.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/YjGbug4pB4HKswE8osk1Pie4f27kSH.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/v20272d3rzdzLhuu2p6J2o9Sd259Tt.jpg) ![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/Nw53MR9Gf6SL6v15uiyJU7awT3r0kY.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/o9x4wHIGf7g2Fh62TkDHIdztD7r65L.jpg) ![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/RiMX6PUBAtkuP56iEORni809Tqdxk5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhalpy-ltty-ata-analar-zhinalysyny-orytyndysy-767230](https://yvision.kz/kk/post/zhalpy-ltty-ata-analar-zhinalysyny-orytyndysy-767230)