---
title: "Жалған намыс, өтірік ұят!"
description: "Әр каникул сайын ауылға өтер алдында біздің шағын қаладағы нөмірі бәленше кітапханаға соғатын едім. ..."
author: "Fvfylsr"
published: "2016-08-02T12:26:10+00:00"
modified: "2016-08-02T12:26:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhal-an-namys-tirik-yat-697478"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhal-an-namys-tirik-yat-697478/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жалған намыс, өтірік ұят!

> Әр каникул сайын ауылға өтер алдында біздің шағын қаладағы нөмірі бәленше кітапханаға соғатын едім. ...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/7k2w8S3ouQeFcGG11Mxux2Gz8pGx1D.jpg) Әр каникул сайын ауылға өтер алдында біздің шағын қаладағы нөмірі бәленше кітапханаға соғатын едім. Онда жұмыс істейтін кітапханашы апайымыз - Нарғыз жаңа келген кітаптарын көрсетіп, мені өз туысы келгендей қуанатын. Негізі бұл кітапхана қаланың орталығында болмаса да кітап қоры мол, оның үстіне апайымыз өз ісіне берілген жан әрі жылы ұшырай қарсы алатын.Солай, бір жолы әңгіме-дүкен құрып отырған кезде апай: "Алмат, осы сен Байқадам ауылынан емессің бе, ауылдасың Ризабек деген жігіт кітап тапсырмай кетіп еді" деді.Иә, Ризабекпен бір сыныпта оқып едім.Кеңес Үкіметі кезінде мына дәстүр болатын. Егер, жағдайы, сабақ үлгірімі жақсы болса ұл-қыздар 8 сыныптан кейін мектептегі оқуын жалғастырады, ал сабағы нашар не ата-анасына көмектесемін дегендер, училищеге түсіп ерте еңбекке араласатын.Ризабек орташадан жоғары оқыды, мектепте қала алатын еді, бірақ анасына жәрдемдесемін деп педагогикалық па әлде медициналық па училищеге түсті. Бір қызығы қаймағы бұзылмаған қазақы ауылда, сырттан орыс тілді қонақтар келсе, олармен өзінің орыс тілін білетіндігін көрсету үшін бе әлде мақтан үшін бе ол орысша сөйлесетін, алайда орысшасы "женский родпен" басталады. Орыс тілін керемет білмесек те, оның солай сөйлейтінін түсінеміз ғой.Сонымен ол училищені аяқтады, ерте еңбекке араласты. Шешесі үйлендірмекші болды, оған қараған Ризабек жоқ, әскерге кетті.Әскерден психологиясы өзгерген, ашуланшақ, томаға-тұйық болып оралды. Келген соң мамандығы бойынша қызметке тұрды. Анасы баяғы әуеніне қайта басты. "Ризабек, мен немере сүйгім келеді, үйлен де үйлен" деп мазасын алды.Ризабек өзінің махаббаты Айгерімге үйленгісі келетінін, үй болуға дайын екенін айтты. Айгерім де мінезді қыз, бірде түсініседі, кейді ұрысып қалады.Сөйтіп, Ризабектің туысқандары той өткізетін, бірақ Ризабек Айгерімді алып қашатын болды.Той белгіленді, қонақтар дайын отыр, Ризабек достарымен қала шетіндегі Айгерімнің үйіне келді, қандай түлен түрткенін кім білсін, Айгерім де қырсығып, "Ризабек мен ойластым, қазірдің өзінде сөздеріміз жараспайды, мен саған тұрмысқа шықпайтын болдым" деді.Түтігіп кеткен Ризабек, есікті бір тепті деп, сыртқа шығып кетті. «Енді не істеймін» деп басын қатырды. Ел болса бәрін естіді, жұрт тойға дайын отыр.Әрі ойласа бері ойласа келе Ризабек Айгерімнің құрбысы Айгүлдің үйіне келіп, оны алып қашпақшы болды. Терезе қағып "Айгүл бір сәтке шығып кетші" деді. Ойында ештеңе жоқ Айгүл далаға шықса, Ризабек оны ештеңеге қаратпастан машинаға отырғызып, еріксіз үйге алып кетті.Ризабектен мұндайды күтпеген Айгүл ағыл-тегіл жылап, "Ризабек менің өмірімді ғана емес, өз өміріңді де қор қылатын болдың ғой" деген оның айтқанына қарайтын Ризабек бар ма, елдің бәрі білді, жұртқа қалай көрінеді, той болса дайын, елден ұят болады ғой!Той бітті, күнделікті күйбең тірлік басталды. Ризабек енді бұрынғыдай емес күнде ішетін болды. Отбасында ұрыс-керіс, Айгүл бәріне шыдағысы келеді, бірақ Ризабек күнде таяқтың астына алатын болды.Сондай ішіп келген бір күні Ризабек: «Айгүл мен сені сүймеймін, неге кетпейсің, сенімен тұрғым келмейді, өзің де білесің ғой» дегеніне Айгүл «сен алып қашқанда әке-шешем мені өз бетіммен саған еріп қашқан» деп ойлаған, «қай бетіммен ата-анама барамын» деді.Кетпесең, «мә ендеше» деп бастап бір тепті және оны қылғындыра бастады. Қысқаша айтқанда біраз уақыттан кейін Айгүл бас ауруынан қайтыс болды, ал Ризабек содан кейін сотталып, сол кеткеннен түрмеден қайтпады!Сурет Интернеттен алынды!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhal-an-namys-tirik-yat-697478](https://yvision.kz/kk/post/zhal-an-namys-tirik-yat-697478)