---
title: "Жаңғырамыз деп жаныламыз ба?"
description: "Елбасымыздын «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» саясаты, елдің үшінші жаңғыруы- әлемдік бәсекеге қад..."
author: "nuraiayuminka"
published: "2017-10-22T09:11:17+00:00"
modified: "2017-10-22T09:11:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-yramyz-dep-zhanylamyz-ba-782503"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-yramyz-dep-zhanylamyz-ba-782503/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңғырамыз деп жаныламыз ба?

> Елбасымыздын «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» саясаты, елдің үшінші жаңғыруы- әлемдік бәсекеге қад...

Елбасымыздын **«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру»** саясаты, елдің үшінші жаңғыруы- әлемдік бәсекеге қадам басуыдағы нақты келешекке деген, соның ішіндегі дамыған 30 мемлекет қатарына қосылуға арналған жоспарларға жетуі үшін нақты қадамдарын қарастырған мақала. Ол үшін озық ойлау қабілеттілігімен , ғылым мен техникасы дамыған, білімді нығайтуға деген құштарлыға бар, бірегейлі мемлекет болуы тиіс. Дәл осы мақсатта басшылар білім мен ғылым саласына ауқымды өзгерістер еңгізді. Елді дүрсілкіндірген жанартудағы ***«Латын әліп биін көшу»*** өзгерісі.

![Жаңғырамыз деп жаныламыз ба?](http://serke.org/sites/default/files/imagecache/250x180/3_9.jpg)

***Қарапайым халықтың бұл жаңаруга қарсы шығудағы себебі мен қорқынышы қандай?***

Мемлекетте болып жатқан жағдай қандай да болмасын бірінші кезекте халыққа өз әсерін тигізеді. Қаншама уақыт бойы **кириллица** жазба графигіне бауыр басып қалған жұрт ендігі оқу форматына деген адаптациясы оңай бола ғоймасы анық дүние. Оның үстіне қаражат мәселесі мен ұлттық құндылықтың жойылып кетудегі қауіпі. Әрине қандай мәселе болмасын кедергісіз және қыйындықсыз болмайтыны басынан-ақ түсінікті жәйт. Келешек өскелен ұрпақты біліммен сусындатуы үшін алдымен ұстаздарды басынан оқытудағы қажеттілікті және де оқулықтарды қайта баспадан өткізудегі, сонымен қатар бұл жаңалыққа бой ұсыну үшін уақыт пен қаражат қажеттілігі туындайды.

![Жаңғырамыз деп жаныламыз ба?](http://e-history.kz/media/upload/4624/2017/04/14/223d7f990d178e90b8bbb117caeeb4a2.jpg)

-Біз орысталған ел едік енді батысталып барамыз сонда біздің ұлттық қағыйдамыз қайда қалмақ? Ең бастысы өз тілімізді жоғалтып аламыз деушілер саны артты. Бірақта бұның барлығы жаңғырудың халық арасына дұрыс емес бұрмалаушылықпен жеткізілгенінің қателігінен болған мәселе. Әлеуметте болып жатқан жағдайдың барлығы да өзекті. Бұл пікір асығыстықтан қабылдана салған шешім деуге келмейді және орындалуының өзі бірнеше кезеңдерден тұрады.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2006 жылғы ХІІ сессиясына қатысып, сөйлеген сөзінде де латын әліпбиі туралы әңгіме өрбіткен болатын. Онда: Латын жазбасына қарайтын кез келді делінген еді. Нақтырақ айтқанда 2018 жылдан бастап баспалану, оқытушыларды курстардан өткізу арқылы білімін нығайту барысында келешек 2022-2025жылғы 1сынып және бастауыш сынып оқушыларынан бастап жанартылған үлгіге түбегейлі көшу процессі біртіндеп өз кезеңдерімен жүзеге асырылады делінген . ХІІ ғасыр әлем шыңына шығу үшін тек қана мықты экономика ғана болған жеткіліксіз, сонымен қатар рухани таным жағынанда өркендеуіді де талап етеді. **«Ұйықтаған халық жоғалад немесе құл болып оянады»**,-демекші өркениеттің гүлденген шағында бір орында тежеліп қалу жақсылыққа алып келмесі анық. Дүниежүзіндегі елдердің басым көпшілі және де дамыған мелекеттердің көшін бастаушы халықтар латып үлгісін пайдалануда. Жасалып жатқан шаралардың барлығы көз бояушылық үшін емес, Қазақстанның ертенгі болашағы жастарының қамы үшін жасалған шешім деп тануға болады. Яғни білім саласына енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында жан-жақты қарастыру барысында, оқушылар мен ағылшын тілін үйренушілер үшін және ақпараттық желі тұтынушыларына тиімді,оның үстіне 42 әріптен көрі 25 әліп биді жаттап алу әлде қайда тезірек әрі оңайырақ болмақ. Бүкіләлемдік қауымдастықта мықтылар қатарынан ойып тұрып орын алуға жетелейтің жол болатыны анық.

![Жаңғырамыз деп жаныламыз ба?](https://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=549d3bf7f21709c&mb=imgdb_preview_482)

***Бойын үрей билеген емес, ынтымагы мен бірлігі жарасып мақсаттары айқын болған ел озатыны анық. Ертенгі келешекке сенімсіздікпен емес батылдықпен көз тастайық.***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-yramyz-dep-zhanylamyz-ba-782503](https://yvision.kz/kk/post/zha-yramyz-dep-zhanylamyz-ba-782503)