---
title: "Жағажай волейболынан ел чемпионатының ақтық сынында ұлттық құрама көшбасшылары өздерінің үздік екенін тағы да дәлелдеді"
description: "Талдықорғанда 13-15 қыркүйек күндері жағажай волейболынан XVII Қазақстан чемпионатының ақтық сыны ө..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-16T23:03:45+00:00"
modified: "2013-09-16T23:03:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-azhay-voleybolynan-el-chempionatyny-a-ty-synynda-ltty-rama-k-shbasshylary-zderini-zdik-ekenin-ta-374320"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-azhay-voleybolynan-el-chempionatyny-a-ty-synynda-ltty-rama-k-shbasshylary-zderini-zdik-ekenin-ta-374320/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жағажай волейболынан ел чемпионатының ақтық сынында ұлттық құрама көшбасшылары өздерінің үздік екенін тағы да дәлелдеді

> Талдықорғанда 13-15 қыркүйек күндері жағажай волейболынан XVII Қазақстан чемпионатының ақтық сыны ө...

[!\[Жағажай волейболынан ел чемпионатының ақтық сынында ұлттық құрама көшбасшылары өздерінің үздік екенін тағы да дәлелдеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/volleyball-300x139.png)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/volleyball.png)

Талдықорғанда 13-15 қыркүйек күндері жағажай волейболынан XVII Қазақстан чемпионатының ақтық сыны өтті.

Оған Астана, Алматы, Ақтау, Талдықорған және Шымкент қалаларынан 12 команда қатысты. Бұл жарыста әйелдер арасында Талдықорғанның «Жетісу» (Татьяна Машкова/ Ирина Цимбалова), ерлер арасында Алматының «Ұшқын-Искра-1» (Александр Дьяченко/Алексей Сидоренко) жеңімпаз атанды. 2-3 орынды әйелдер арасында Ақтаудың «Каспий-1»(Бақтыгүл Самалықова/Александра Варасова), «Каспий-3» (Анастасия Туктарева/Екатерина Ласюта), ерлер арасында Алматының «ШВСМ-ҚазНУ-1» (Владислав Пустынников/Сергей Богату) мен Ақтаудың «Каспий-1» (Алексей Кулешов/Александр Бабичев) командалары иеленді. Бұған дейін 24 мамырда Ақтауда өз жалауын көтерген ел чемпионатында әйелдер арасында — 9, ерлер арасында — 15 команда бақ сынаған еді. Онда Ақтаудың «Каспий-1»(Александра Варасова/Анастасия Туктарева) мен Алматының «Ұшқын-1» (Сергей Шиндов/Алексей Сидоренко) спортшылары жеңімпаз атанды. 14-16 маусымда Алматыда өткен 2-турда «Каспий-1» (Александра Варасова/Анастасия Туктарева) 15 команданың арасынан үздік шықты. Ал алматылық «КазНУ-Динамо-1» (Владислав Пустынников/Сергей Богату) 22 команданың арасынан топ жарған еді. 26-28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындаығы Бұқтырмада болған 3-турда «Каспий-1» (Бақтыгүл Самалықова/Любовь Богату) 14 командың арасынан, «ШВСМ КазНУ-2» (Кирилл Гурин/Виктор Пестов) 21 команданың арасынан қара үзіп шыққан болатын.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: [Ерлік Ержанұлы](http://inform.kz/kaz/searchauthor/1179)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-azhay-voleybolynan-el-chempionatyny-a-ty-synynda-ltty-rama-k-shbasshylary-zderini-zdik-ekenin-ta-374320](https://yvision.kz/kk/post/zha-azhay-voleybolynan-el-chempionatyny-a-ty-synynda-ltty-rama-k-shbasshylary-zderini-zdik-ekenin-ta-374320)