---
title: "Жаһандану үрдісіндегі экология ахуалы"
description: "Қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблема – экология. Қоршаған ортаны жою арқыл..."
author: "medinarebrova"
published: "2015-09-06T12:59:36+00:00"
modified: "2015-09-06T12:59:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-andanu-rdisindegi-ekologiya-ahualy-536930"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-andanu-rdisindegi-ekologiya-ahualy-536930/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаһандану үрдісіндегі экология ахуалы

> Қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблема – экология. Қоршаған ортаны жою арқыл...

Қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблема – экология. Қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғам, тіршілік жойылатынын көптеген елдер түсіне бастады. Бүгінде әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігі мен оның өмірі үшін экология жағдайы үлкен қатер тудырып отыр. Мемлекет әрқашан [табиғи ортаны](http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%B0%D0%B1%D0%B8%D2%93%D0%B8_%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0&action=edit&redlink=1) зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі.

Әр жылы жерге 2-5 миллион тонна ғарыштық шаң түсіп отырады. Секундына атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен 200 миллионға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып та үлгереді. Табиғи шаң да жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ірі орман өрттері салдарынан ауа қабатшасы көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Ал жанартаулар атқылағанда бірқатар химиялық ластағыштар - қорғасын, мышьяк, сынап, селен атмосфераға түседі. Аэропорттарда ұшақтардың қонған және ұшқан кездерінде де ластаушы газдар мейлінше көп бөлінеді.

Табиғи ортаға техногенді әсердің күшеюі бірқатар экологиялық мәселелерді тудырады. Адамзаттың өндірістік іс-әрекеті химиялық элементтерді қамтитын түрлі табиғи ресурстарды қолданумен байланысты. Судың немесе ауаның ластануы өмір сүру әрекеті мен денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін. Автокөліктердің пайдаланған газдары атмосфераның төменгі қабатына түсіп, адамның тыныс жолдарына әсер етеді. Орта есепке шаққанда автокөлік жылына 15мың шақырым жүргенде 2 тонна жанармай және 20-30 тонна оттегін жағады. Бұл аздай, көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетра этил-қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету - тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі таңда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға алмастыру, бензиннің орнына мал азықтық өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.

Қорыта келгенде материя қозғалысын транспорт қамтамасыз етеді. Транспорттың дамуы проблема тудырады. Жыл сайын әлем бойынша көлік апатынан 0,2млн адам қаза болады, 0,5млн адам мүгедек, 10млн адам жарақат алады. Әлемде ауданды қолдану бойынша, қаланың үштен бір бөлігі жол мен автотұраққа кетеді. Жолдарды салу көптеген жағдайда транспорт ағынының артуына алып келеді, оның салдары орташа жылдамдықты орын ауыстыруды төмендету. Автомобиль паркі санының артуымен қатар, техникалық құралдар қозғалысын реттеу қиындап, жол көлік жарақаттары, атмосфералық орта, топырақ, су қоймалары және грунт суларының ластануы артады.

Табиғат – көптеген теңескен байланыстардың тұтас жүйесі. Қоршаған ортаны қорғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Табиғат арқылы адам бойына сұлулық пен әсемдік дамыту идеясы қазақ ағартушылары мен жазушыларының, ақындарының еңбектері мен өлеңдерінде толық көрсетілген. Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уалиханов, Сәкен Сейфулин, Ыбырай Алтынсарин, Кәкімбектің өлең-жырларынан көркем жазылған табиғат суреттерімен танысып жан рухына бөленуге болады. Табиғат үшін қандай жұмыс атқармасақ та заманауи техникалар мен компаниялардың көмегі арқылы мүмкін болады. Қоршаған ортаны аялап, оны қорғауға күш салу басты бағытымыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-andanu-rdisindegi-ekologiya-ahualy-536930](https://yvision.kz/kk/post/zha-andanu-rdisindegi-ekologiya-ahualy-536930)