---
title: "Жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі"
description: "2019 жылы 19 сәуірде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон комитетінің Қостанай облысы бойынша де..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-04-22T05:12:16+00:00"
modified: "2019-04-22T05:12:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-adan-abyldan-an-memlekettik-yzmetshilerdi-ant-abyldau-r-simi-830946"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-adan-abyldan-an-memlekettik-yzmetshilerdi-ant-abyldau-r-simi-830946/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі

> 2019 жылы 19 сәуірде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон комитетінің Қостанай облысы бойынша де...

2019 жылы 19 сәуірде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінде жаңадан қабылданған әкімшілік мемлекеттік қызметшілер М.Н. Шарғынова - №6 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы және ұйымдық - техникалық қамсыздандыру және талдамалық жұмыс бөлімінің бас маманы Т.А. Сакаев Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің антын салтанатты түрде қабылдады. Мемлекеттік мекемеде өзінің еңбек жолын бастаған жас мамандар ант қабылдады, ант қабылдаған әрбір қызметкер осы оқиғаның барлық жауапкершілігі мен маңыздылығын түсініп, Отан игілігі үшін және біздің республикамыздың мүддесі үшін адал және кәсіби қызмет етуге ант берді.

Сондай-ақ кеңесте персоналды басқару жөніндегі бас маман Ә.М. Қарымсақова Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы Ұлттық баяндама жасады.

Әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова барлық мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің 5 т. 2) т. сәйкес, мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс екенін тағы да еске салды.

Мемлекеттік қызметші-бұл мемлекетті бейнелейтін және халықтың қабылдауы мемлекеттік аппаратқа деген сенім деңгейін айғақтайтын тұлға. Мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру және жұмыс тәжірибесін тарату шеңберінде барлық мемлекеттік қызметшілер тұрақты негізде мейірімділік, әділдік, адамгершілік, адалдық және заңдылық көріністеріне оң мысалдар (мемлекеттік қызметшілер жеке немесе заңды тұлғаларға көмек көрсеткен жағдайлар) білдіруі қажет.

Осындай фактілерді анықтаудың мақсаты мемлекеттік аппарат жұмысының нәтижелерін қоғамның назарына (бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы) жеткізу болып табылады, бұл өз кезегінде Департаменттің имиджіне тұтастай әсер етеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-adan-abyldan-an-memlekettik-yzmetshilerdi-ant-abyldau-r-simi-830946](https://yvision.kz/kk/post/zha-adan-abyldan-an-memlekettik-yzmetshilerdi-ant-abyldau-r-simi-830946)