---
title: "Жаңаөзендегі Наурыз"
description: "Жаңаөзенде жыл басы Наурыз мейрамы биыл қаладағы «Мұнайшы» мәдениет сарайында өтті. Мерекелік ал..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2012-03-23T09:58:45+00:00"
modified: "2012-03-23T09:58:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zendegi-nauryz-242164"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zendegi-nauryz-242164/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңаөзендегі Наурыз

> Жаңаөзенде жыл басы Наурыз мейрамы биыл қаладағы «Мұнайшы» мәдениет сарайында өтті. Мерекелік ал...

Жаңаөзенде жыл басы Наурыз мейрамы биыл қаладағы «Мұнайшы» мәдениет сарайында өтті. Мерекелік алтыбақан құрылып, жергілікті өнер ұжымдарының қатысумен концерт қойылды. «Мұнайшы» мәдениет сарайында алтыбақан құрылып, жергілікті өнер ұжымдарының концерті өтті. Жаңа жылды атап өтуге келген қауымға Наурыз көже беріліп сый-сияпат көрсетілді. Қазақтың төл мерекесі әз Наурыздағы көрісу дәстүрі де ұмыт қалған жоқ. Бұл дәстүрді жаңаөзендіктер ерекше қастерлейді.

**Елубай****Ерниязов****, ****Жаңаөзен****қаласының****тұрғыны****:**

Құтты болсын биылғы көктеміңіз,

Өсе берсін гүл жайнап ұл-қызымыз.

Наурыз көктем, нұрын шашып жыл басы,

Жарқырасын аспандағы жұлдызымыз.

Наурыз – күн мен түн теңелетін қазақтың төл мерекесі. Басқасы болмаса да дәл осы Наурыз мейрамын отбасымен қарсы алатындардың бірі Тезберген ақсақал. 80-ге келіп қалған Тезберген Әндірғалиұлы – Жаңаөзендегі сыйлы ақсақалдардың бірі. Қаланың құрметті азаматы. Зейнеттегі мұнайшы, «Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын. Қазақ елі көркейе берсін», – дейді.

** **

**Тезберген Әндірғалиұлы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:**

*Наурызды бұрын да қарсы алатынбыз, қазір де қарсы аламыз!*

* *

Тезберген ақсақал мен Сәнжан әжейдің үйінде бүгін кешке үлкен той. Қарияларды Жаңа жылымен құттықтап немере шөберелері келеді. Құрметті мұнайшылардың 10 баласы 22 немересі 6 шөбересі бар. Әз Наурыз мерекесінде қазақта көрісу деген дәстүр бар. Бұл дәстүрді жаңаөзендіктер де ерекше қастерлейді. Дәл осы күні жергілікті халық туған-туыс, дос-жарандарын аралап сәлем береді, жаңа жылымен құттықтайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zendegi-nauryz-242164](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zendegi-nauryz-242164)