---
title: "Жаңаөзендегі Домбыра Пати"
description: "Жаңаөзен қаласында 02.05.2013 ж. сағат 19.30 да алғашқы рет Домбыра Пати болып өтті. Домбыра Пати «..."
author: "sbaltabai"
published: "2013-05-03T12:04:22+00:00"
modified: "2013-05-03T12:04:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zendegi-dombyra-pati-351141"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zendegi-dombyra-pati-351141/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңаөзендегі Домбыра Пати

> Жаңаөзен қаласында 02.05.2013 ж. сағат 19.30 да алғашқы рет Домбыра Пати болып өтті. Домбыра Пати «...

Жаңаөзен қаласында 02.05.2013 ж. сағат 19.30 да алғашқы рет Домбыра Пати болып өтті. Домбыра Пати «Жалын» жастар орталығының алдында болды. Астанадан бастау алған бұл игілікті іс Жаңаөзен қаласында жалғасын тауып отыр. Алғашы рет болғандықтан қалай болар екен деген ойлар болған. Бірақ өз деңгейінде өтті. Жиналған қауым біраз күй тыңдап,ән тыңдап демалып қайтты. Домбыра тарта алмайтындар да, домбырашыларға шабыт беріп «еу», «беу», «шап», «жібер» дегендей үн қосып қолдау көрсетуді ұмытқан жоқ. Домбыра Пати әдеттегідей әр бейсенбі сайын жалғасын табады. Уақыты 19.30 басталады. Алғашқы Домбыра Пати қалай болғандығын суреттер сөйлесін, содан соң Жаңаөзеннің сарқытын көріңіздер.

![Жаңаөзендегі Домбыра Пати](https://storage.yvision.kz/images/user/sbaltabai/7louBC7bnx07mcEcmzdGa46xb02N78.jpg)

Жиналып жатырған сәт. Басым бөлігі жастар.

![Жаңаөзендегі Домбыра Пати](https://storage.yvision.kz/images/user/sbaltabai/M7wcSYhty96CcImBKPQXF8nKUr0Ua9.jpg)

Әбиев Аманжол баурымыз жақсы күй тартып, жақсы ән салды ризамын бауырыма.

![Жаңаөзендегі Домбыра Пати](https://storage.yvision.kz/images/user/sbaltabai/6SpU2idHsDau82DyqBhIzpGq3WA5H1.jpg)

Домбырамен әсем ән кетіп жатыр. Баян да өз үлесін қосып отырды.

![Жаңаөзендегі Домбыра Пати](https://storage.yvision.kz/images/user/sbaltabai/jgMahxUVW8FslvBchl59l8Qq344Ru9.jpg)

Мына Нұрлыбай бауырымыз баршасын күлкіге бөледі.

![Жаңаөзендегі Домбыра Пати](https://storage.yvision.kz/images/user/sbaltabai/kjd4h6oGtqf8BR749c4S0UmMWPqtNd.jpg)

Баянмен ән айтып жатыр. Мына отырған кішкентайлар да мықты қосылып отыр. Соңына дейін қатысып отырды. Жаңаөзеннің жас жеткіншектері ғой.

![Жаңаөзендегі Домбыра Пати](https://storage.yvision.kz/images/user/sbaltabai/XAG712qYgryEMKHo9R52CE79GgIJAS.jpg)

Шамасы келгенше шырқады бәрі.

![Жаңаөзендегі Домбыра Пати](https://storage.yvision.kz/images/user/sbaltabai/FZ14F47r16Sg7FMnTr5MAuCIRUdBE2.jpg)

Жамағатта біраз жиналды. Қызып жатырған сәт қой, ұмытылмас.

Ал, енді суреттер кезегін сарқытқа береді.

Домбыра Патиімізді Адай күйімен ашқан едік.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zendegi-dombyra-pati-351141](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zendegi-dombyra-pati-351141)