---
title: "Жаңаөзенде сабақ басталды"
description: "Жаңаөзен қаласындағы жағдай күн санап оңалып келеді. Осыған дейін қызметтерінде кідіріс бол..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2012-01-05T21:40:13+00:00"
modified: "2012-01-05T21:40:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zende-saba-bastaldy-217851"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zende-saba-bastaldy-217851/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңаөзенде сабақ басталды

> Жаңаөзен қаласындағы жағдай күн санап оңалып келеді. Осыған дейін қызметтерінде кідіріс бол...

Жаңаөзен қаласындағы жағдай күн санап оңалып келеді. Осыған дейін қызметтерінде кідіріс болған кенттегі барлық мемлекеттік мекемелер қазір толық жұмыс кестесіне көшкен. Ал, бүгін шағын шаһарда мектептер мен балабақшалар ашылды. Білім ошақтары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Қайрат Тілеуов, Жаңаөзен қалалық № 21-орта мектептің директоры: 5 қаңтар күні 21 мектеп ұжымы өз жұмысын бастап кетті. Еш кедергі жоқ. Сабақтар жүріп жатыр.

Марал Бекбаева, «Сәуле» балабақшасының әдіскері: Бүгін 160 бала келді. 335 баланың 160-сы. Бүгін біздің тәрбиешілеріміз барлық ата-аналарға хабарлап шықтық. Балабақша істеп жатыр деп. Ертең түгел келетін шығар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zende-saba-bastaldy-217851](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zende-saba-bastaldy-217851)