---
title: "Жаңаөзен қаласында гимназия орта мектебінің оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-11-18T00:07:28+00:00"
modified: "2015-11-18T00:07:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zen-alasynda-gimnaziya-orta-mektebini-o-ushylaryna-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-t--644586"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zen-alasynda-gimnaziya-orta-mektebini-o-ushylaryna-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-t--644586/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңаөзен қаласында гимназия орта мектебінің оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жаңаөзен аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **29** **қазанында** Жаңаөзен қалалық **№ 5 Гимназия Орта мектебінде** сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Елдос Таушанов ұстаздар мен оқушыларға іс-шараның мақсаты, Бөлім қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті және «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» атты тақырыпта дәріс оқыды..

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының [www.anticorruption-mangystau.kz](http://www.anticorruption-mangystau.kz) ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

![Жаңаөзен қаласында гимназия орта мектебінің оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/nq712xpXzJ4jNIxj44p1lvX22O1bfT.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zen-alasynda-gimnaziya-orta-mektebini-o-ushylaryna-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-t--644586](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zen-alasynda-gimnaziya-orta-mektebini-o-ushylaryna-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-t--644586)