---
title: "Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өткізілді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментіні..."
author: "StopCorruption"
published: "2016-03-31T04:38:53+00:00"
modified: "2016-03-31T04:38:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zen-alaly-t-tenshe-zha-daylar-b-liminde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-d-gelek-stel-tkizildi-686459"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zen-alaly-t-tenshe-zha-daylar-b-liminde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-d-gelek-stel-tkizildi-686459/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өткізілді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментіні...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **16** **наурызында Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»** атты тақырыпта Жаңаөзен қаласы бойынша ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, ҚР-ның Бас прокуратурасы Маңғыстау облысы бойынша басқармасының өкілі және бөлім қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Елдос Таушанов жоғарыда аталған мекеме қызметкерлеріне іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы, ҚР-ның «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» заңдарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті және «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» атты тақырыпта дәріс оқыды..

Сөз соңында семинар қатысушыларына министрліктің kyzmet.gov.kz сайтының жұмысы бойынша, ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.

 

**Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактика басқармасы**

![Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/8ZDHdIBChBtbhD60YGUwq8qW6OGo4J.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zen-alaly-t-tenshe-zha-daylar-b-liminde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-d-gelek-stel-tkizildi-686459](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-zen-alaly-t-tenshe-zha-daylar-b-liminde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-d-gelek-stel-tkizildi-686459)