---
title: "жаңа тарау"
description: "Барлықтарыңа салем! Yvisionді бірнеше ай оқып, бүгін ғана тіркеліп отырмын, негізі бұрынан тіркелгім..."
author: "Lilu_kz"
published: "2011-03-21T19:18:23+00:00"
modified: "2011-03-21T19:18:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-tarau-134460"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-tarau-134460/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# жаңа тарау

> Барлықтарыңа салем! Yvisionді бірнеше ай оқып, бүгін ғана тіркеліп отырмын, негізі бұрынан тіркелгім...

Барлықтарыңа салем!

Yvisionді бірнеше ай оқып, бүгін ғана тіркеліп отырмын, негізі бұрынан тіркелгім келіп жүрді бірақ, тілге жақын/икемді адам болмағаннан кейін өз ойымды "қағаз" бетінде маған жеткізу қиын. не дегенмен міне мен осындамын.

Мен өз блогымды қазақша және орысша жазуға тырысамын. Қазақша жазу себебім, мектеп бітіргелі бері, отырып бір қазақ тілінде ештеңе жазбаппын, не бір әдеби кітаптарды жетісіп оқымағанмын, айналадағы адамдардың бәрі не орысша, не ағылшынша сөйлейді. Қарап отырсам менің қазақ тілім күнделікті сөздермен ғана шектеліп бара жатыр, осыған байланысты блогты қазақша жазайын дедім; Қазақша жазып бастасам, көптен қолданбаған сөздерді қолданым қалармын, білмеген сөздерді үйренермін және ең бастысы сауаттылығымды сақтап қалармын деп ойлаймын :))) .

Oрысша да ойымды толық жеткізу қиын, сондықтан көңіл күйіме байланысты eкі тілдің біреуінде жазармын.

Ал не жайында жазуға келсем, мені көптеген тақырыптар қызықтырады. Әрине қыз болғандықтан көбінесе сән туралы жазармын, сосын көрген, естіген ел-жер туралы, не интернеттен тапқан қызық заттармен бөлісермін. Жазатын зат көп қой ең бастысы ерініп кетпесем болды ғой :))

p.s. Дін және саясат деген тақырыпты айнала өтуге тырысамын.

p.p.s. Наурыз құтты болсын!!! :)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-tarau-134460](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-tarau-134460)