---
title: "Жаңа Салық кодексі қабылданса, ол айыппұлға емес,..."
description: "Жаңа Салық кодексінің жобасында айыппұл санкцияларынан мемлекеттік қызметтер көрсетуге және проблемалардың алдын алуға баса назар аударылады. Ондағы мақсат – Қазақстанда салық төлеуді ыңғайлы, жеңіл әрі жылдам жылдам ету. Бұл туралы Маңғыстау облысы..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-11T11:17:18+00:00"
modified: "2024-05-11T11:17:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-saly-kodeksi-abyldansa-ol-ayypp-l-a-emes-k-mekke-ba-yttalma-1004489"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-saly-kodeksi-abyldansa-ol-ayypp-l-a-emes-k-mekke-ba-yttalma-1004489/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңа Салық кодексі қабылданса, ол айыппұлға емес,...

> Жаңа Салық кодексінің жобасында айыппұл санкцияларынан мемлекеттік қызметтер көрсетуге және проблемалардың алдын алуға баса назар аударылады. Ондағы мақсат – Қазақстанда салық төлеуді ыңғайлы, жеңіл әрі жылдам жылдам ету. Бұл туралы Маңғыстау облысы...

*Жаңа Салық кодексінің жобасында айыппұл санкцияларынан мемлекеттік қызметтер көрсетуге және проблемалардың алдын алуға баса назар аударылады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/016310cfc265c1b0f6d8b9ffefac76.jpg)

Ондағы мақсат – Қазақстанда салық төлеуді ыңғайлы, жеңіл әрі жылдам жылдам ету. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіндегі кездесуде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір жаңа Салық кодексі дайындалып қойған.

"Қаржы министрлігінің өкілдері өңірлерге барып, бизнеспен кездесіп, ең өзекті тақырыптарды – ҚҚС төлеушілерді тіркеу, ҚҚС қайтару, тексеру іс-шараларын талқылауда. Камералдық бақылау, мәмілелерді жарамсыз деп тану, салық есептілігін тапсыру және бақылау іс – шаралары кезінде айыппұл санкциялары-осы процестердің барлығы қайта қаралатын болады", - деді Ержан Біржанов.

t.me/kgdmfrk

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-saly-kodeksi-abyldansa-ol-ayypp-l-a-emes-k-mekke-ba-yttalma-1004489](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-saly-kodeksi-abyldansa-ol-ayypp-l-a-emes-k-mekke-ba-yttalma-1004489)