---
title: "Жаңа оқу жылына –жаңа жоспарлармен!"
description: "Бүгін облысымыздың білім басқармасының ұйымдастыруымен «Павлодар облысының білім беру мекемелерінде«..."
author: "CRMI"
published: "2016-09-09T06:45:43+00:00"
modified: "2016-09-09T06:45:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-o-u-zhylyna-zha-a-zhosparlarmen-711299"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-o-u-zhylyna-zha-a-zhosparlarmen-711299/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңа оқу жылына –жаңа жоспарлармен!

> Бүгін облысымыздың білім басқармасының ұйымдастыруымен «Павлодар облысының білім беру мекемелерінде«...

Бүгін облысымыздың білім басқармасының ұйымдастыруымен «Павлодар облысының білім беру мекемелерінде«Поколение+» мәдени-білім беру жобасын іске асыру» семинары өтті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/1Vi85AoBYQYS3ggk4bHk47GnYw4Uzo.jpg)

Семинарға қатысқан ұстаздар, оқушылар, ТжКО ұйымдарының директорлар орынбасарлары облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанынан құрылған «Жас шебер» және «Жас археолог» үйірмелерінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. «Поколение+» жобасының іске асырылуында технологиялық колледж студенттерінің тәжірибесі қызығушылық туғызды.Сонымен қатар олар өңіріміздегі Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуының негізгі бағыттары жайлы, Жастар бастамаларын дамыту орталығының клубтары және жоспарланған іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат алды.

Барлық сөз алғандардың арасындағы негізгі ойы еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығын жас ұрпақ шығармашыл, креативті әрі жоғары ұйымдастырушылық және идеологиялық деңгейде қарсы алуға дайын екендігі жайлы болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-o-u-zhylyna-zha-a-zhosparlarmen-711299](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-o-u-zhylyna-zha-a-zhosparlarmen-711299)