---
title: "Жаңа оқу жылы: орыс тілі 2-сыныптан, шет тілі 3-сыныптап бастап оқытылады"
description: "2023-2024 оқу жылында тілдер оқу бағдарламсына кезең-кезеңімен енеді. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атында..."
author: "Korotko_o_vazhnom"
published: "2023-07-05T04:39:36+00:00"
modified: "2023-07-05T04:39:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-o-u-zhyly-orys-tili-2-synyptan-shet-tili-3-synyptap-bastap-o-ytylady-991157"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-o-u-zhyly-orys-tili-2-synyptan-shet-tili-3-synyptap-bastap-o-ytylady-991157/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңа оқу жылы: орыс тілі 2-сыныптан, шет тілі 3-сыныптап бастап оқытылады

> 2023-2024 оқу жылында тілдер оқу бағдарламсына кезең-кезеңімен енеді. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атында...

2023-2024 оқу жылында тілдер оқу бағдарламсына кезең-кезеңімен енеді. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/әна тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады. Орысша оқитын 1-сынып оқушылары қазақ тілі және букварь пәндерін оқиды. Шет тілі 3-сыныптан бастап оқытылады", – делінген хабарламада.

Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылып жатыр.

"Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды", – деді Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-o-u-zhyly-orys-tili-2-synyptan-shet-tili-3-synyptap-bastap-o-ytylady-991157](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-o-u-zhyly-orys-tili-2-synyptan-shet-tili-3-synyptap-bastap-o-ytylady-991157)