---
title: "Жаңа музыкалық аспап дүниеге келді"
description: "Семейлік күйші, сазгер, қолөнерші – Арғынбек Ахметжанов «Әл-Фар-А» атты жаңа музыкалық аспап..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2011-12-11T23:17:31+00:00"
modified: "2011-12-11T23:40:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-muzykaly-aspap-d-niege-keldi-212326"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-muzykaly-aspap-d-niege-keldi-212326/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңа музыкалық аспап дүниеге келді

> Семейлік күйші, сазгер, қолөнерші – Арғынбек Ахметжанов «Әл-Фар-А» атты жаңа музыкалық аспап...

Семейлік күйші, сазгер, қолөнерші – Арғынбек Ахметжанов «Әл-Фар-А» атты жаңа музыкалық аспап ойлап тапты. Домбыра тәріздес үш шекті музыкалық құралды жасау туралы ой шеберге Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына қанық болғаннан кейін келген көрінеді. Қазір жаңа аспапты заңдастыру үшін қажетті құжаттар жинақталып жатыр. Автор болашақта «Әл-Фар-А» қазақ халқының ұлттық аспаптарының бірі ретінде танымал болатындығына сенімді.

Домбыраға ұқсайтын мына аспаптың авторы – Арғынбек Ахметжанов. Күйші, сазгер. Ұлы Абайдың 45, ал Шәкәрімнің 2 бірдей өлеңіне ән, романс жазған адам. Әуендері бірнеше жыр жинақтарға басылып шыққан. Осыған дейін 100-ден астам домбыра жасап, елге тегін таратқан. 75-ке келген шағында, шебер «Әл-Фар-А» атты жаңа аспапты құрастырып шықты. «Мұндай ой осыдан 15 жыл бұрын Ақжан Машановтың «Фараби және Абай» атты еңбегін оқығаннан кейін туындады», - дейді шебер. [Толығырақ...](http://kaztrk.kz/kaz/news/kultura/Zhana_muzikalik_aspap_duniege_keldi.html#go)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-muzykaly-aspap-d-niege-keldi-212326](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-muzykaly-aspap-d-niege-keldi-212326)