---
title: "Жаңа әкімшілік заңнаманың кейбір сұрақтары талқыланды"
description: "Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ат.аудандық сотында «Қазақстан Республикасы жаңа әкімшілік..."
author: "sko_sud"
published: "2015-03-11T00:57:10+00:00"
modified: "2015-03-11T00:57:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-kimshilik-za-namany-keybir-s-ra-tary-tal-ylandy-481101"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-kimshilik-za-namany-keybir-s-ra-tary-tal-ylandy-481101/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңа әкімшілік заңнаманың кейбір сұрақтары талқыланды

> Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ат.аудандық сотында «Қазақстан Республикасы жаңа әкімшілік...

![Жаңа әкімшілік заңнаманың кейбір сұрақтары талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/TnwgIp9Frrrh3W056KV69zWA5q2pEN.jpg)

Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ат.аудандық сотында «Қазақстан Республикасы жаңа әкімшілік заңнаманың ерекшеліктері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілдіді.

Іс-шараға аудандық прокуратураның, ІІБ-нің, адвокатураның, «Ғ.Мүсірепов ат.ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ-нің, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау бойынша Департаментінің Ғ.Мүсірепов ат.ауданы аймақтық бөлімінің, «Ғ.Мүсірепов ат.ауданының әділет басқармасы» ММ-нің, «Ғ.Мүсірепов ат.ауданының әкім аппараты» ММ-нің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қатысушыларына Ғ.Мүсірепов ат.аудандық сотының төрағасы Ж.Е.Қабыш 2015 жылғы 1 қаңтардан жаңа әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі заңды күшіне енгеніне байланысты түсініктеме талап ететін құқық қолдану тәжірибесіне қатысты сұрақтар пайда болатынын айтып өтті. Бұл жаңа кодекстің ережелерін қолдануда бірыңғай тәжірибені ұйымдастыруға қажет.

Дөңгелек үстелдің тақырыбына Ғ.Мүсірепов ат. аудандық сотының судьясы А.М.Қасымова сөз сөйледі, ол ҚР ӘҚБтК 5-бабын (әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңның кері күші) қолдану тәртібін толық түсіндірді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы құрастыру барысында қолданылатын жаңа ережелерді түсіндірді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу қатысушыларына хабарламаларды жіберу ережелерін, әкімшілік іс жүргізу туралы істері бойынша қысқартылған іс жүргізу туралы, әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді іске асыратын органның (лауазымды тұлғаның) іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігін) талап арыз жазу ережелерін түсіндірді.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары өткізілген іс-шараға белсенді қатысты, жаңа ҚР ӘҚБтК кейбір ережелерін қолдану бойынша өздерінің ой-пікірлерін айтты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-kimshilik-za-namany-keybir-s-ra-tary-tal-ylandy-481101](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-kimshilik-za-namany-keybir-s-ra-tary-tal-ylandy-481101)