---
title: "«Жаңа бағыт» бастауыш партия ұйымымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында онлайн кездесу"
description: "Бүгін «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасарының қатысуымен «Жа..."
author: "alm.nur-sultan.kz"
published: "2020-11-26T10:48:52+00:00"
modified: "2020-11-26T10:48:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-ba-yt-bastauysh-partiya-yymymen-kedergisiz-keleshek-partiyaly-zhobasy-ayasynda-onlayn-kezdesu-879402"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-ba-yt-bastauysh-partiya-yymymen-kedergisiz-keleshek-partiyaly-zhobasy-ayasynda-onlayn-kezdesu-879402/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жаңа бағыт» бастауыш партия ұйымымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында онлайн кездесу

> Бүгін «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасарының қатысуымен «Жа...

Бүгін «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасарының қатысуымен «Жаңа бағыт» бастауыш партия ұйымымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында онлайн кездесу болып өтті.

«Nur Otan» партиясы жүйелі жұмысын жаңғырту мақсатында түрлі ауқымды шараларды іске асырып келеді. Олардың қатарында «Кедергісіз келешек» деп аталатын партиялық жоба да бар. Негізгі мақсаты – мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету болып табылады.

ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еліміз кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін түсіндірген еді. Осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамның зор парызы. Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Елбасымыз мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, барша кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға, көмектесуге, көңіл бөліп тұруға шақырған еді. Ең бастысы олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек.

Іс – шараға «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Болысбек Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы, «Жаңа бағыт» бастауыш партия ұйымы басшысы Мергенбаев Серікжан Мерғалымұлы, «Гранит» ЖШС-нің басшысы Омаров Темір Хаиркешұлы, «Ботақан – 2017» ЖШС бас директоры Кенжебаев Нұрғали Құрбанәліұлы және де «КЕРУЕН ГРУПП» ЖШС-нің басшысы Орынбасаров Азамат Манасұлы және т.б кеңес мүшелері қатысып өз пікірлерін білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-ba-yt-bastauysh-partiya-yymymen-kedergisiz-keleshek-partiyaly-zhobasy-ayasynda-onlayn-kezdesu-879402](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-ba-yt-bastauysh-partiya-yymymen-kedergisiz-keleshek-partiyaly-zhobasy-ayasynda-onlayn-kezdesu-879402)