---
title: "Жаңа қазақстандық boys-band «Алау тобының» тұсауы кесілді."
description: "2015 жылдың қарашаның отызыншы жұлдызында Баян Есентаеваның басшылығымен құрылған АЛАУ тобының тұса..."
author: "sabinana"
published: "2015-12-02T11:14:12+00:00"
modified: "2015-12-03T01:08:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-aza-standy-boys-band-alau-tobyny-t-sauy-kesildi-665070"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-aza-standy-boys-band-alau-tobyny-t-sauy-kesildi-665070/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңа қазақстандық boys-band «Алау тобының» тұсауы кесілді.

> 2015 жылдың қарашаның отызыншы жұлдызында Баян Есентаеваның басшылығымен құрылған АЛАУ тобының тұса...

2015 жылдың қарашаның отызыншы жұлдызында Баян Есентаеваның басшылығымен құрылған [АЛАУ тобы](https://www.instagram.com/alautoby_official/)[ның](https://www.instagram.com/alautoby_official/) тұсауы кесілді.

![Жаңа қазақстандық boys-band «Алау тобының» тұсауы кесілді.](http://storage.yvision.kz/images/user/sabinana/8hkHenYO3v1Eu5m431E76lO2xJwn1p.png)

Продюсер және тележүргізуші [Баян Есентаева](https://www.instagram.com/bayanyessentayeva_official/) жігіттерден тұратын жаңа тобын таныстырды. Жаңа топтың мүшелері "[Қазақстан"](http://kaztv.kaztrk.kz/kz) ұлттық телеарнасындағы "[Түнгі студияда](https://www.instagram.com/tungi_studiya/)" бағдарламасында белгілі болды.

[Instagram](https://www.instagram.com/bayanyessentayeva_official/) парақшасында продюсер топ мүшелерінің есімдерін атады. Олар Ержан Мұқатаев, Ербол Салықбаев, Әсет Арыстанбек пен Хамит Сатаев. Есентаева жуырда бұл топтың бейнебаяны жарыққа шығады деп сөз берді.

![Жаңа қазақстандық boys-band «Алау тобының» тұсауы кесілді.](http://storage.yvision.kz/images/user/sabinana/jOHC1hqM728178b8Tw409vm1r8Tet7.png)

Топ продюсері жігіттерге ең мықты болу керек деген талап қойған екен. Топ мүшелеріне тоқталып кететін болсақ, жауапкершілікті ең көп сезінетін - Әсет Арыстанбек, оның тәжірибесі үлкен, көптен бері бимен айналысады екен, кәсіби биші болып табылады, нағыз шығармашыл және сезімтал адам, оны топ лидері деп те атауға болады. Хамит Сатаев - жігіттердің ішінде ең салмақтысы, бірақ қызардың барлығы оны жақсы көреді.Ержан Мұқатаев - топтағы ең сымбатты, сұңғақ бойлы, ең еркесі де сол. Ербол Салықбаев ең тәжірибелі әнші, ән саласында үлкен мектептен өткен вокалист, қылықты да, тартымды әрі талантты -, дейді Баян Есентаева.

![Жаңа қазақстандық boys-band «Алау тобының» тұсауы кесілді.](http://storage.yvision.kz/images/user/sabinana/R0H0SH8lKLD0sHxxr81JMUyZV3QuHf.png)

Топтың жеке стилисті бар екен, ол жігіттердің сырт бейнесін бастан аяққа дейін қадағалайды. Бұл олардың көз тартымды сырт бейнесінен де байқауға болады.

Мен өз атымнан жаңа қазақстандық boys-band-қа тек сәттілік және биік шыңдардан көріне беруді тілеймін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-aza-standy-boys-band-alau-tobyny-t-sauy-kesildi-665070](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-aza-standy-boys-band-alau-tobyny-t-sauy-kesildi-665070)