---
title: "Жаңақала ауданында «Ашық әкімдік» ашылды"
description: "Жаңақала ауданына жұмыс сапары барысында Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев «Ашық әкімдік» форматында..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-12-12T05:39:37+00:00"
modified: "2020-12-12T05:39:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-ala-audanynda-ashy-kimdik-ashyldy-888925"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zha-a-ala-audanynda-ashy-kimdik-ashyldy-888925/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаңақала ауданында «Ашық әкімдік» ашылды

> Жаңақала ауданына жұмыс сапары барысында Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев «Ашық әкімдік» форматында...

Жаңақала ауданына жұмыс сапары барысында Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев «Ашық әкімдік» форматындағы қызмет көрсету орталығының ашылуына қатысты.

Ашық әкімдіктің негізгі мақсаты – өңір тұрғындарына қолайлы жағдайларды қалыптастыру және әкімшілік кедергілерді мейлінше азайту болып табылады.

Р.С.Ақмырзаев өз кезегінде: ««Ашық әкімдік» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі тарапынан қолдау тапты. Сондықтанда, аталған жобаны облыстың барлық аудандарда ашу маңызды» - деп атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zha-a-ala-audanynda-ashy-kimdik-ashyldy-888925](https://yvision.kz/kk/post/zha-a-ala-audanynda-ashy-kimdik-ashyldy-888925)