---
title: "Жәй аяқ-киім емес, ұлттық нақыштағы спорттық аяқ киім."
description: "Әлемге әйгілі аяқ-киім брендтерінің бірі «Jordan» маркасы бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы Генна..."
author: "ERKANAT_NAIMAN"
published: "2016-08-31T21:22:41+00:00"
modified: "2016-08-31T21:22:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-y-aya-kiim-emes-ltty-na-yshta-y-sportty-aya-kiim-709874"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zh-y-aya-kiim-emes-ltty-na-yshta-y-sportty-aya-kiim-709874/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жәй аяқ-киім емес, ұлттық нақыштағы спорттық аяқ киім.

> Әлемге әйгілі аяқ-киім брендтерінің бірі «Jordan» маркасы бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы Генна...

Әлемге әйгілі аяқ-киім брендтерінің бірі «Jordan» маркасы бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы Геннадий Головкин үшін аяқ-киім тігіп беріпті. Жәй аяқ-киім емес, ұлттық нақыштағы спорттық аяқ киім. Кеше бұл ақпаратты GGG инстаграм тобынан оқып қатты қуандым. Айдаладағы Қазақстанның жігітіне американдықтар аяқ-киім тігіпті дегенді кім естіпті. Мықтының аты мықты. Спорт барлығын мойындатады. Енді жерлесіміз осы аяқ-киімді киіп алып, Келл Брукты қуып жүріп ұратын болады. Келл Брук Генаның езгісіне шыдамайды-ау деп топшылап жатыр спорт сарапшылары. Расында да бірінші раундта бітіп қалса не істейміз? Не де болса Қазспорт пен Қазақстан телеарнасынан 10 қыркүйектегі «бойды» күтеміз. Алға Гена!

![Жәй аяқ-киім емес, ұлттық нақыштағы спорттық аяқ киім.](https://storage.yvision.kz/images/user/erkanat_naiman/xIc7iXej8A6EUIYJ7tdwjiyCbn8Z1Y.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zh-y-aya-kiim-emes-ltty-na-yshta-y-sportty-aya-kiim-709874](https://yvision.kz/kk/post/zh-y-aya-kiim-emes-ltty-na-yshta-y-sportty-aya-kiim-709874)